Текст страницы
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: құралды қайталап қолдану алдында 40 секунд
суытыңыз. 30 жұмыс циклінен кейін 10 минут үзіліс жасау керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:егер вакуумдау процесінде вакуумдық камераға
өнімдерден сұйықтық келіп түссе, оны құрғақ шүберекпен кетіріңіз.
Вакуумдық камерада сұйықтықтың көп жиналуына жол бермеңіз.
7.4 Ваккумдауға арналған түтікті қолдану
7.4.1 Түтік арнайы пакеттер мен контейнерлерді вакууматорға қосу үшін
қолданылады (жиынтықта жеткізілмейді).
7.4.2 Өнімдерді контейнерге немесе арнайы пакетке орналастырыңыз.
Ыдысты жабыңыз.
Ескерту: контейнерлердің түрлері ерекшелене алады, өндірушіден
контейнерді қолдану жөніндегі нұсқаулықты орындаңыз.
7.4.3 Ваккуматордың қақпағын ашыңыз. Құбыршекті ваккумдық камерада
орналасқан келтеқосқышқа, ал құбыршектің екінші ұшын – контейнерге
немесе пакетке қосыңыз. Құралды электр желісіне қосыңыз.
7.4.4
ВАКУУМ батырмасын басыңыз. Процесс аяқталған кезде индикатор
сөнеді.
7.4.5 Процесс аяқталғаннан кейін контейнер саңылауының жабық екеніне
көз жеткізіңіз және құбыршекті контейнерден ажыратыңыз.
Ескерту: егер ваккумдау уақытында контейнерден шу немесе ысқырық
шықса, бұл қақпақтың тығыз жабылмағанын немесе оған бөгде заттың
тиіп кеткенін білдіреді.
7.5 Жалпы ұсыныстар
- вакуумдау кезінде өнімдердің көлемі айтарлықтай азаяды, сақтау орнын
үнемдеу үшін осы артықшылықты пайдаланыңыз;
- вакуумдау кезінде мыжылуы мүмкін өнімдердің пішінін сақтау үшін (мәселен,
котлеттер, жартылай дайын өнімдер және т.б.) оларды алдын ала мұздату
ұсынылады;
- ылғалдылығы мен шырыны жоғары өнімдерді мүмкіндігінше қағаз сүлгімен
кептіру ұсынылады;
- өз араларында жабысып қалуы мүмкін өнімдер арасында бос орынмен
қамтамасыз етіңіз;
- вакуумдау кезінде өнімдерді тұздау процесі жақсы жүреді. Вакуумдық пакетте
балықты, қиярды және басқа өнімдерді тұздықты қолданусыз тұздауға болады.
- электрондық гаджеттерді зақымдамау үшін оларды вакуумдауға болмайды.
Гаджеттерді вакуумдау атқарымын қолданусыз пакетке салып бекітуге болады;
- сұйықтықтарды вакуумдау үшін алдымен оларды мұздату керек;
- қысқа толқынды пеште вакуумдалған тағамды жылыту үшін пакетті
ашыңыз немесе оған бірнеше тесіктер жасаңыз, осылайша ауа жақсы
айнала алады. Орташа қыздыру қуатын орнатыңыз. Сондай-ақ, тағамды
пакетті ыстық суға салу (100 С-тан аспайтын) арқылы жылытуға және
дайындауға болады;