Текст страницы
9. ДАЙЫНДАУШЫ ЖӘНЕ ИМПОРТТАУШЫ
Импорттаушы:
ООО
«Ларина- Электроникс». Мекенжайы: Ресей, 350080, г.
Краснодар, ул. Демуса, 14 Тел.: +7 (861) 2-600-900.
ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫ!
Барлық құралдарға кепілдік мерзімі сатылған күннен бастап 12 айды құрайды. Осы
кепілдік талоны арқылы өндіруші осы құралдың жарамдылығын растайды және өн-
дірушінің кінәсінен туындайтын барлық ақауларды тегін жөндеп беру міндеттемесін
өз мойнына алады.
КЕПІЛДІКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
1. Кепілдік келесі пайдалану шарттарын ұстанғанда әрекет етеді:
• кепілдік талонында модель атауы, оның сериялық нөмірі, сатылған күні көрсетілген,
сатушы фирманың мөрі және сатушы фирма өкілінің қолы қойылып, әр жыртыл-
малы талонда мөрлер қойылып, өндірушінің түпнұсқа кепілдік талоны дұрыс және
анық толтырылған болса. Өндіруші жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылмаған
жағдайда немесе олардағы ақпарат толық емес, анық емес, қарама-қайшы бола-
тын болса, кепілді қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
2. Кепілдік келесі пайдалану шарттарын ұстанғанда әрекет етеді:
• құралдың пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте пайдаланылуы;
• қауіпсіздік ережелері мен талаптарының сақталуы.
3. Кепілдікке құралға мерзімдік қызмет көрсету, оны тазалау, сатып алушының үйінде
орнату, реттемелеу енгізілмейді.
4. Кепілдік берілмейтін жағдайлар:
• механикалық зақымдалулар;
• құралдың табиғи тозуы;
• пайдалану шарттарының сақталмауы немесе иесінің қате әрекеттері;
• дұрыс орнатылмауы, тасымалданбауы;
• табиғи апаттар (найзағай, өрт, су тасқыны, т.б.), сондай-ақ сатушы мен дайын-
даушының бақылауынан тыс өзге де себептер, құрал ішіне бөтен заттардың, сұй-
ықтықтың, жәндіктердің түсіп кетуі;
• уәкілетті емес тұлғалардың конструкциялық өзгерістер енгізуі немесе жөндеуі;
• құралдың кәсіби мақсаттарда пайдаланылуы (жүктеме тұрмыстық қолдану дең-
гейінен асып кеткенде), құралдың Мемлекеттік Техникалық Стандарттарға сәйкес
келмейтін телекоммуникация және кабель желілеріне қосылуы;
• егер ауыстыру конструкцияда қарастырылған болса және бұйымды бөлшектеумен
байланысты болмаса, бұйымның төменде көрсетілген керек-жарақтарының істен
шығуы:
а) қашықтан басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат беру элементтері
(батарейкалар), сыртқы қуат беру блоктары және қуаттандыру құрылғылары.
б) шығыс материалдары мен аксессуарлар (қаптама, қаптар, белдіктер, сөмкелер,
торлар, пышақтар, колбалар, тәрелкелер, түпқоймалар, сүзгі торлары, айналды-
рғыштар, шлангілер, түтіктер, щеткалар, қондырмалар, шаң жинағыштар, сүзгілер, иіс
сіңіргіштер).
• батарейкалармен жұмыс істейтін құралдар үшін, - үйлеспейтін немесе түгесілген
батарейкалармен жұмыс;
• аккумуляторлармен жұмыс істейтін құралдар үшін, - қуаттандыру және акку-
муляторлардың қуаттандыруы ережелерінің бұзылуымен туындаған кез келген
бүлінулер.
5. Бұл кепілдікті дайындаушы қолданыстағы заңнамада белгіленген тұтынушы
құқықтарына қосымша түрде ұсынады және ешбір жағдайда оларды шектемейді.
6. Өндіруші CENTEK СМ өнімдерінің адамдарға, үй жануарларына, тұтынушы мүлкіне
және (немесе) үшінші тұлғаларға бұйымды пайдалану, орнату ережелері мен шартта-
рының сақталмауы нәтижесінде, тұтынушының және (немесе) өзге үшінші тұлғалар-
дың қасақана және(немесе) абайсыз әрекеттері(әрекетсіздіктері), еңсерілмейтін күш
жағдайлары салдарынан тигізуі мүмкін тікелей немесе жанама залалы үшін жауап
бермейді.
7. Сервис орталығына жүгінген жағдайда бұйым таза күйінде ғана қабылданады
(құралда азық-түлік өнімдерінің, шаң-тозаң және өзге ластың іздері болмауы тиіс).
Өндіруші құралдың сипаттамалары мен дизайнын алдын-ала хабарламастан өзгерту
құқығын өзіне қалдырады.
6