Текст страницы
Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарып тастамаңыз.
Оны одан әрі кәдеге жаратуға арналған мамандырылған пунктке тапсырыңыз. Сіз осылай қоршаған
ортаны қорғауға көмектесе аласыз.
Назар аударыңыз!
Кез келген сипаттағы ақаулықтар пайда болғанда POLARIS Авторизацияланған
сервистік орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының арнайы қауіпсіздік туралы нұсқаулар
Ешбір жағдайда саусақтарыңызды немесе басқа заттарды қорғаныш торға кіргізбеңіз.
Ұзын шашпен сақ болыңыз: ауа ағыны оны аспапқа сорып алуы мүмкін.
Аспапты тек қана жабық тормен қосуға рұқсат етіледі.
Қорғаныш қорғауды алып тастар алдында аспап қуат желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты желіге тек қана оны толығымен жинағаннан кейін және қажетті көлбеу бұрышын
орнатқаннан кейін қосуға болады.
Аспапты ашық терезеге тікелей жақындықта орнатпаңыз, өйткені жаңбырдың тамшылары
аспапқа түсіп, тұйықталуды тудыруы немесе электр тогынан зақымдану қауіпін тудыруы мүмкін.
Желдеткішті жинар және орнатар алдында желілік баусым желіге қосылмағанына көз жеткізіңіз.
Электр қуат баусымын кілемді жабынның астынан өткізбеңіз. Баусымды кілемдермен, кілем
төсеніштермен және т. б. жаппаңыз. Электр қуат баусымын ол адамдардың өтуіне кедергі
келтірмейтін жерлерде жайғастырыңыз.
Желдеткіш торын қандай да болса заттармен жабуға тыйым салынады.
Штепсельдік аша розеткаға тірелгенше кіргізілуі керек. Розеткалардың пайдалану барысындағы
тозуына назар аударыңыз. Розетканы артық қызу белгілеріне, ал желдеткіш ашасын
деформациясының болмауына мерзімді түрде тексеріңіз. Электр аспаптарды ақаулы розеткаға
қоспаңыз; оны ауыстыру немесе жөндеу үшін маманға жүгініңіз.
Желдеткіш элементтері арасында кетіруіңіз үшін шаңсорғыш керек болатын полистиролдың
немесе басқа қаптау материалдардың қалдығы жоқ екенін тексеріңіз.
Пайдалану саласы
Аспап тек осы пайдалану нұсқаулығына сәйкес тұрғын үйдің температурасы мен ылғалдылығында
тұрмыстық пайдалануға арналған.
Аспап тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
14