Текст страницы
Жылдамдықты ауыстырып-қосу
Желдеткіш жылдамдығын 1-ден 10-ға дейін ауыстырып-қосу үшін осы батырманы
басыңыз. Қашықтан басқару пультіндегі «+» немесе «–» батырмаларға басу да
жылдамдықтарды ауыстырып-қосуға мүмкіндік береді.
Желдеткіш бұрылуын іске қосу
Қалақтары бар электр қозғалтқыш блогының көлденең автоматты түрде бұрылу
функциясын қосу немесе сөндіру үшін осы батырманы басыңыз. Электр қозғалтқыш
блогының қолмен бұруға жоламаңыз, бұл кіріктірілген басқару механизмін зақымдауы
мүмкін.
Таймерді орнату
Автоматты түрде сөндірілу таймерін қосу үшін осы батырманы басыңыз. Таймерді 1
сағаттан 7 сағатқа дейін орнатуға болады. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін құрылғы
сөнеді.
ЕСО режимі
ЕСО режимінде желдеткіш жылдамдығы, табиғи самал желге ұқсап, автоматты түрде
өзгереді.
Түнгі режим
Осы режимді қосқанда үрлеу жылдамдығы әр 30 минут сайын 1 деңгейге ең төмен мәнге
жеткенше төмендейтін болады.
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Желдеткішті тазалауды тек қана электр қуат бауысымы розеткадан ажыратылғанда жүргізіңіз.
Желдеткіште жиналатын жеңіл шаңды жұмсақ матамен немесе шаң кетіретін щетка түріндегі
қондырмасы бар шаңсорғыштың көмегімен жинауға болады. Желдеткіш ішіндегі шаңды
шаңсорғышпен ауаны үрлеп шығару режимінде жіңішке саңылауы бар қондырмасы арқылы
жинауға болады.
Желдеткіштің сыртқы беттерін жұмсақ жуғыш құрал мен суға шыланған және мұқият сығылған
сәл ылғал матамен мерзімді түрде сүртіп алып отырыңыз. Желдеткішті қосар алдында оны жұмсақ
құрғақ матамен сүртіп алыңыз.
Электр қозғалтқыш блогына жуғыш құралдар мен ылғалдың түсуіне жол бермеңіз.
Тазалау үшін спрейлер мен органикалық еріткіштерді қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Желдеткіштің ішіне судың түсуіне жол бермеңіз, өйткені бұл өрттің шығу
немесе электр тогынан зақымдану қауіпін тудыруы мүмкін. Желдеткіштің электр қозғалтқышы
өндіруші зауытта жинау үдерісінде майланған және желдеткішті пайдаланудың бүкіл мерзімі бойы
қосымша майлауды керек етпейді. Желдеткіш пайдаланушысы жүргізетін техникалық қызметтің
басқа түрлері керек етілмейді және ұсынылмайды. Желдеткішке жөндеуді мамандырылған
шеберханаларда немесе тұрмыстық техникаға қызмет көрсететін орталықтарда жүргізу керек.
18