Текст страницы
IM023
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың
үстіне қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген
жөн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ШЕКТЕУЛЕР
Май массасын және басқа мәндерді айқындаған кезде, төмендегі жағдайларда өлшеу нәтижелері дәл емес
немесе өтірік болуы мүмкін:
10 жасқа толмаған балалар үшін,
кәсіпқой спортшылар және бодибилдингпен айналысатындар үшін,
жүкті әйелдер үшін,
температурасы көтеріліп тұрған, адамдар үшін, диализбен емделген кезде, үнемі болатын ісіну немесе
остеопороз кезінде,
жүрек – қантамырға арналған препараттарды қабылдап жүрген адамдар үшін (жүрек пен қантамырға
қатысты проблемалар кезінде),
қантамырды кеңейтетін немесе тарылтатын препараттарды қабылдап жүрген адамдар үшін.
ТАРАЗЫНЫ ДАЙЫНДАУ
Полярлығын дәл келтіре отырып, таразының артқы панеліндегі арнайы ұяшыққа AAA тұрпатты
батареяларды салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.
ӨЛШЕУ
Дененің май массасы мен басқа параметрлерін дәлірек айқындау үшін пайдаланушы туралы кейбір жеке
деректерді енгізу қажет.
Таразы 10 жады ұясымен жарақталған, оларда сіз және, мысалы, сіздің отбасы мүшелеріңіз жеке
деректеріңізді сақтай аласыз.
Өзіңіздің смартфоныңызды пайдаланып, интернетке қосылыңыз (WI-FI, 3G немесе 4G ұсынылады).
Смартфонның параметрлерінде Bluetooth функциясын белсендіріңіз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ HOME INTELLECT ҚОСЫМШАСЫНА ҚОСУ
https://home-intellect.ru/appdownload/
1. HOME INTELLECT мобильді қосымшасын орнатыңыз
1.1.
Жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша Home Intellect веб-сайтына өтіңіз.
1.2.
Home Intellect қолданбасын мобильді құрылғыға немесе планшетке орнатыңыз.
1.3.
Сіздің смартфоныңыздың немесе планшетіңіздің 4G немесе Wi-Fi интернетіне қосылғанына көз
жеткізіңіз.
1.4.
Сіздің смартфоныңыз немесе планшетіңіз iOS 8.0 (немесе одан жоғары) немесе Android 4.4
(немесе одан жоғары) нұсқасындағы операциялық жүйемен жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
2. Мобильді қосымшада тіркелгі жасаңыз
2.1.
Бағдарламаны ашып, онда жаңа есептік жазба жасаңыз:
Өзіңіздің электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
www.scarlett.ru
SC-BS33ED101
14