Инструкция водонагреватель электрический Ariston PRO1 R ABS 80 H

Страница 36 (стр. 36 из 68)

Бренд: Ariston

Страница 36 документа Водонагреватель электрический Ariston PRO1 R ABS 80 H. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: Ariston.

Текст страницы

3. ҚОСУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ
3.1. Қолданысқа беру
3.1.1. Орталық сумен жабдықтау жүйесінің ыстық суын тоқтатыңыз. Су жылытқышты электр қуатын беру көзіне
қоспас бұрын бакті міндетті түрде суға толтырыңыз. Ол үшін араластырғыштағы ыстық судың шүмегін, сосын су
жылытқышқа суық су беру шүмегін ашыңыз.
3.1.2. Су жылытқыш толысымен араластырғыштан су ағады. Ернемектен су кетуін тексеріңіз. Қажет болғанда оны
орталықтандырыңыз және ернемектегі сомындарды тартыңыз.
3.1.3. Араластырғыштағы ыстық судың шүмегін жабыңыз.
3.1.4. Құрылғыны электр қуатының көзіне қосыңыз.
3.2. Температураны реттеу
3.2.1. Температураны іштей реттегішпен жарақтандырылған модельдерде судың қызу температурасы белгілерге сәйкес
термостатқа жалғанған тетікпен реттелуі тиіс.
3.2.2. Қыздыру температурасын көтеру үшін тетікті сағат тілі бойынша және оны азайту үшін сағат тіліне қарсы бұрау
арқылы температура орнатылады.
3.2.3. Индикаторлық шам қызу сатысында үнемі жанып тұрады және берілген температураға жеткеннен кейін сөніп қалады.
3.2.4. Егер модельдің температураны сырттан реттегіші болмаса, онда оны термостаттың реттегіш бұрандасын «+» және
«-» белгілерімен белгіленген диапазонда бұрау арқылы орнатуға болады. Ол үшін су жылытқышты электр қуатын беру
көзінен ажыратып, құрылғының пластик қақпағын шешу керек.
3.2.5. Термостаттың реттегіш бұрандасын ең жоғарғысынан шамамен 75%-ға сәйкес келетін қалыпта орнату керек.
Аталған жағдайда аппарат шөгінді түзілу жылдамдығын барынша төмендете отырып, үнемдеу режимінде жұмыс істейді.
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Назар аударыңыз! Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
бойынша барлық жұмысты қауіпсіздік техникасының қағидаларын, сондай-ақ осы нұсқаулықта берілген талаптарды
сақтай отырып білікті маман орындауға тиіс.
4.1. Суды ағызу
Егер құрылғыны орнатқан жерде температураның 0°С-тан төмендеу ықтималдылығы болса, су жылытқыштағы суды ағызып
тастау керек.
4.1.1. Құрылғыны электр қуатынан ажыратыңыз.
4.1.2. Құрылғының ішіндегі судың температурасы қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз.
4.1.3. Су жылытқышқа суық су келетін жерді жабыңыз.
4.1.4. Бактің ішіндегі қысымды түсіру үшін араластырғыштағы ыстық су ағатын шүмекті ашыңыз.
4.1.5. Бакке ауа кіруі үшін су жылытқыштан ыстық су шығатын жерге (қызыл сақинамен белгіленген) орнатылған үшайырдағы
ілмекті шүмекті ашыңыз. Ол болмаған жағдайда су жылытқыштың аузындағы қосылыстарды демонтаждау қажет.
4.1.6. Кәріз жүйесіне бағытталған дренаж шлангін су жылытқышқа суық су құйылатын жерге (көк сақинамен белгіленген)
орнатылған үшайырдағы ілмекті шүмекке жалғаңыз және оны ашыңыз.
Ол болмаған жағдайда дренаж шлангін су жылытқыштың аузына орнату керек.
4.1.7. Суды ағызғаннан кейін су жылытқыштың ішінде су қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су жылытқыштың ішіндегі судың қатып қалуы қайтымсыз өзгерістер мен ақауларға алып келеді.
Аталған жағдайда өндіруші өзінен барлық кепілдік міндеттемелерін алып тастайды.
4.2. Ішкі элементтерін ауыстыру
Жұмыстың алдында аспапты қуат көзінен ажыратыңыз, су жылытқыштың суын ағызыңыз. Аспаптың қақпағын ашыңыз.
Термостатты ауыстыру үшін оны ұяшығынан қозғап, қуат желісінен ажыратыңыз.
Қыздырғыш элемент пен магнийлік анодты (автоклавты ернемегі бар үлгілер үшін) ауыстыру үшін сомынды бұрап, (D 3-сур.),
ернемектің қапсырмасын шешіңіз де (S 3-сур.), ернемекті ішке итеріп, ашыңыз (F 3-сур.). Ернемекті білігінен
айналдыра отырып шешіңіз.
шешіңіз. Қыздырғыш элемент пен магнийлік анодты (5 бұрандалы ернемегі бар үлгілер үшін) ауыстыру үшін
5 сомынды бұрап, (С 4-сур.) ернемекті шешіңіз (F 4-сур.).
Ауыстырғаннан кейін барлық компоненттердің өздерінің штаттық орындарына орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Ернемектің төсемін әрбір қайта жинақтау сайын ауыстырыңыз.
Жөндеу немесе қызмет көрсету бойынша кез келген операция алдында аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Тек қана зауыт-өндірушімен шығарылған қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.
4.3. Тұрақты қызмет көрсету
4.3.1. Магнийлік анод
Магнийлік анод су сыйымдылығы мен қыздырғыш элементін (ҚЭҚ) тоттанудан қорғау жүйесінің
ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Магнийлік анодтың күйін ЖЫЛ САЙЫН тексеріп тұру
қажет. Қатты тозған жағдайда магнийлік анодты ауыстыру қажет. Магнийлік анод тозып кеткен
жағдайда (қалдық көлемі бастапқысының 30%-нан аз) су сыйымдылығы мен қыздырғыш элементінің
кепілдігі жарамсыз. Магнийлік анодты (тот баспайтын болаттан жасалған су сыйымдылығы бар су
жылытқыштарды қоспағанда) 24 айда кем дегенде 1 мәрте ауыстырып тұру қажет.
Магнийлік анод шығыс материалы болып табылады және кепілдік бойынша ауыстырылмайды.
4.3.2. Сақтандырғыш клапан
Сақтандырғыш клапан суық су магистралінде су болмаған жағдайда су жылытқыштағы судың
қайтуының алдын алады; қызу нәтижесінде су көлемі артуынан ішкі бакта орын алатын артық
қысымды суық су магистраліне және/немесе сақтандырғыш клапанның дренаждық саңылауы
арқылы түсіреді (ішкі бак пен суық су магистраліндегі қысымның бір атмосферадан жоғары
болатын айырмасында). Сақтандырғыш клапанның (артық қысымнан қорғау құрылғысы)
бұғатталған немесе зақымдалған болмауын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Қажет жағдайда оны
айырбастаңыз немесе әктің қағын кетіріңіз.
Егер сақтандырғыш клапанның иінтірегі болса, оны көтеріп, клапанның ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын тексеруге
пайдалануға болады.
Қыздыру тәртібінде сақтандырғыш клапанның дренаждық саңылауынан су тамшысы пайда болуы мүмкін. Бұл
судың қызу барысында жылып, ұлғаюымен байланысты табиғи процесс болып табылады. Сақтандырғыш клапанның
дренаждық саңылауын кәріз жүйесімен жалғауға кеңес беріледі.
Су құбыры желісінің 5 бардан жоғары қысымында сақтандырғыш клапанның алдына су қысымының редукторын орнату қажет.
36

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.