Инструкция водонагреватель электрический Candy CF80V-P3(R)

Тазалау және қызмет көрсету (стр. 25 из 30)

Бренд: Candy

Страница 25 документа Водонагреватель электрический Candy CF80V-P3(R). Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: Candy.

Текст страницы

Тазалау және қызмет көрсету

Ескерту: Берілген су жылытқышты жөндеу және техникалық қызмет көрсету тек білікті
мамандар жүргізуі керек. Біліктілігі жоқ араласу ауыр дене жарақатының себебі болуы
немесе мүлікке зиян келтіруі мүмкін.
• Су жылытқышты тазаламас бұрын электр қуат көзін өшіру керек. Су жылытқыштың бетін
бейтарап жуғыш заттарды пайдаланып дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Бензинді немесе
басқа еріткіштерді қолданбаңыз. Тазалау аяқталғаннан кейін су жылытқышты құрғақ
шүберекпен сүртіңіз. Құрамында абразивті материал (мысалы, тіс пастасы), қышқылдар,
химиялық ерітінді (мысалы, спирт) немесе политура бар тазартқышты қолданбаңыз.
Су жылытқыштың жоғары тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін әр үш жыл сайын оның
жылыту түтіктері мен су багын үнемі тазалап отыру керек. Тазалау кезінде қыздыру
түтігінің қорғаныш жабынына және бактың ішкі бетіне зақым келтірмеу керек.
• Су жылытқыштың тиімділігі жоғары жұмысын қамтамасыз ету үшін оған үнемі техникалық
қызмет көрсету қажет (екі жылда бір рет ұсынылады). Пайдаланылатын судың сапасына
және су жылытқышты пайдаланудың жүйелілігіне байланысты магний анодын кем дегенде
екі жылда бір рет ауыстыру қажет. Candy P3/P5 сериясы үшін магний анодын кем дегенде
жеті жылда бір рет ауыстырыңыз. Магний аноды суды қоспалардан тазартады және су
жылытқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады. Техникалық қызмет көрсету үшін Уәкілетті
Сервистік орталыққа хабарласыңыз.

Еске саламыз:
• Егер су жылытқышы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, су жүргізетін құбырдағы шұраны жауып,
араластырғыш клапанды ашып, оның тұтқасын ыстық судың максималды деңгейіне
қою керек. Осыдан кейін аз мөлшердегі ыстық сумен күйіп қалмауыңызға мән бере
отыра, душтың суқұйғышын бұрап алыңыз. Содан кейін суды ішкі бактан ағызу үшін,
сақтандырғыш клапанын алыңыз.
• Екінші рет қолданған кезде кез-келген ақаулықты болдырмас үшін электр қуат көзін қоспас
бұрын, құбырдан газдарды шығару үшін ыстық су шүмегін ашу ұсынылады. Бұл ретте
ашық клапанның жанында темекі шегуге және ашық жалынның болуына жол беруге
тыйым салынады. Сонымен қатар, су жылытқыштың құрамдас бөліктерінің жақсы күйде
екенін және оларды пайдалануды бастамас бұрын ішкі су багының толтырылғанын мұқият
тексеру қажет.
Тасымалдау және сақтау

Өнімді қаптамасында көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес зауыт қаптамасында
тасымалдау және сақтау қажет.
Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
Көлік пен қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан және механикалық зақымдалудан
қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бұйымды кәдеге жарату

Егер сіздің электр жылытқышыңызды енді пайдалану мүмкін болмаса және оны
тастағыңыз келсе, онда қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін су жылытқышты
дұрыс кәдеге жарату керек. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қызметтерге
хабарласыңыз. Егер су жылытқыш кәдеге жаратылуға арналған болса, электр су
жылытқышты енді пайдалануға болмас үшін электр қуат көзінің сымын корпусқа
мүмкіндігінше жақын етіп кесіңіз.
Электр су жылытқышы оны кәдеге жарату сізге қиындық тудырмайтындай
жобаланған және жасалған.
Бұйымдағы бұл таңба бұл бұйымды тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге
жаратылмау керектігін білдіреді. Бұйымды электрлік немесе электронды жабдықты жинау
немесе кәдеге жарату орнына апарған жөн.
Бұйымның дұрыс кәдеге жаратылуына көз жеткізгеннен кейін, сіз қоршаған ортаға және
адамдардың денсаулығына теріс әсер етудің алдын алуға көмектесесіз, бұл дұрыс емес
кәдеге жаратудан туындауы мүмкін.

11

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.