Текст страницы
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone,
Laoshan District, Qingdao, Қытай, Сізге таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді жəне пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы
бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Электр су жылытқыштарының ресми қызмет ету
мерзімі бұйымды соңғы тұтынушыға берген күннен бастап 7 жылды құрайды. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты
қызмет ету мерзімі ресми қызмет ету мерзімінен əлдеқайда ұзағырақ болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін
профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін жəне ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді
сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген жəне Еуразиялық экономикалық (кедендік) одақтың
техникалық регламенттерінің талаптарына сəйкес келеді.
Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасы мен кепілдік шарттарын мұқият оқып шығуыңызды
сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы
орнатуды жəне іске қосуды талап еткен болса, Біз сізге Haier уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Осы кепілдік талонмен Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау
туралы қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттаныдру бойынша
міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier Корпорациясы төменде мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда
кепілдікті қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті қызмет көрсетудің шарттары
Haier корпорациясы тауарды тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 24 ай кепілдікті мерзімді белгілейді. Электр су
жылытқышы багына кепілді мерзім -— 7 жыл , Р3/Р5 сериясы үшін — кепілді мерзім 24 ай, 8 жыл — соңғы пайдаланушы өнімді
сатып алған күннен бастап ішкі бак үшін.. Ықтимал түсінбестікке жол бермеу үшін бұйымды сатқан кезде оған қоса берілетін
құжаттарды (сату квитанциясы, кассалық чек, пайдалану құжаттамасы) қолдану мерзімі ішінде сақтаңыз. Бұйымға қосымша
сервистік қызмет көрсету – Өндірушінің кінəсінен туындаған бұйымның ақауларын жою тұтынушы үшін тегін. Бұл қызмет
бұйым иесі тауар жəне кассалық чектерін, бұйымды сатып алу дерегін растаушы басқа құжаттарды көрсеткен кезде ғана
көрсетіледі.
Кепілдікті тек уəкілетті Haier қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Уəкілетті қызмет көрсету орталықтарының толық тізімін алу
үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалу арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе сайтта:https://haieronline.kz/ немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату жасап біле аласыз: support-kz@haieronline.kz.
Уəкілетті қызмет көрсету орталықтары өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Haier байланыс орталығына хабарласыңыз.
Кепілдік міндеттемлер ақаулықтары келесілердің салдарынан пайда болған бұйымдарға қатысты
болмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау жəне/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын жəне электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға
құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану құжаттамасында талап етілгендей, Тауарға уақтылы қызмет көрсетілмесе;
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың ұсынылған
мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың əрекеттерінен: уəкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық немесе
сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— Стандарттардан жəне қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш əрекеттерінен (апат, өрт, найзағай жəне т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе абайсыз əрекеттерінен
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жəндіктердің, жəндіктердің тіршілік əрекеттерінің өнімдерінің
түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса;
— су жылытқыштың толтырылмаған/ толық толтырылмаған багының іске қосылуының салдарынан термоқорғаудың іске
қосылуы
Кепілдікті қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты болмайды:
— бұйымды пайдалану жерінде орнату жəне іске қосу;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқалама жəне кеңес беру;
— бұйымды сырттан немесе ішінен тазарту.
Кепілдікті қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар мен керек-жарақтар жатпайды:
— кондиционерлерге арналған сүзгілер;
— кір жəне ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, шөткелер, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
— микротолқынды пештерге арналған тəрелкелер, істекшелер, торлар, табақшалар жəне қойғыштар;
— сүзгілер, иісті жұтқыштар, шамдар, сөрелер, жəшіктер, қойғыштар жəне тоңазытқышта азық-түлікті сақтауға арналған басқа
ыдыстар;
— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат беру элементтері, қуат берудің сыртқы блоктары жəне зарядтау
құрылғылары;— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыр жəне т.б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша төлеу арқылы
жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіру мүмкіндігін бермейді жəне осы салдарынан
оған қызмет көрсету мүмкіндігі болмайды. Аспапта зауыттық сəйкестендіруші маңдайшаларды алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық маңдайшаларының зақымдалуы немесе болмауы кепілдікті міндеттемелерден бас тартудың себебі болуы мүмкін.