Текст страницы
Пайдалану (P3 сериясы)
Орнатуды аяқтағаннан кейін алдымен су жылытқыштың кіріс клапаны мен шығыс
келтеқұбырын ашыңыз, өйткені бірінші жұмыс кезінде бакта су болмайды, содан кейін ыстық
судың максималды қысымын қамтамасыз ету үшін араластырғыш клапанды ашыңыз. Душ
суқұйғышынан су ағыны үздіксіз аққаннан кейін шығыс келтеқұбырын жабыңыз, өйткені бұл
бактың сумен толтырылғанын білдіреді. Барлық қосылыстардың тығыз орнатылғанына көз
жеткізгеннен кейін, ЭСЖ-ты қосыңыз.
J
Басқару тақтасының сыртқы көрінісі. Бір/ екі бакты қыздыру
режимі
HEATING L
HEATING R
ECO
MAX/BPS
1. Су жылытқышты орнатқаннан кейін оны сумен толтырып, желіге
қосыңыз. «Heating R» индикаторы жанады. Оң жақ бактағы суды
жылыту үшін 1500 ватт қуат автоматты түрде пайдаланылады.
Номиналды температура 55 °C.
2. Айналмалы тұтқаны пайдаланып, су жылытқыштың сол жақ
багындағы судың қызу температурасын реттеңіз. Мүмкін болатын
ең жоғары температура 75 °C.
Температураны реттеудің айналмалы тұтқасы:
Температураны жоғарылату үшін тұтқаны сағат тілімен бұраңыз.
Максималды температураға жеткенде тұтқа бұрылуды тоқтатады.
Температураны төмендету үшін тұтқаны сағат тіліне қарсы
біртіндеп бұраңыз. Егер сіз ең төменгі температураға жеткеннен
кейін тұтқаны бұруды жалғастыра берсеңіз, онда су жылытқышы
өшеді
P3 Сериясы
Егер «Heating L» индикаторы жанып тұрса, бұл сол жақ бактағы
судың қызып жатқанын білдіреді. Осы уақытта сол және оң бакта
су жалпы қуаты 3000 ватт болатын екі қыздыру элементі арқылы
қызады. Егер «Heating L» индикаторы сөніп қалса, бұл қыздыру аяқталғанын және күту
режимінде екенін білдіреді.
Ескерту:
1. Су жылытқышы желіге қосылған кезде оң жақ бак 55 °C температураға дейін қыздыру
режимінде болады. Ол қызады және оны ұстап тұрады.
2. Су жылытқышқа сумен жабдықтау кезінде ғана суды жылытуды қосыңыз.
Жанып кетпес үшін, су жылытқышты қоспас бұрын оның бактары ның толығымен сумен
толтырылғанына көз жеткізіңіз.
J Бактерияларды жою функциясы
Тұтқаны максималды температура белгісіне (75 °C) бұру арқылы сіз бактериялардан
автоматты қорғауды (BPS режимі) қосасыз.
Пайдалану туралы ескертулер
1. Ішкі бак сумен толтырылғанша қуатты қоспаңыз-бұл ЭСЖ зақымдануын болдырмауға
көмектеседі.
2. ЭСЖ-ты қолданар алдында күйіп қалмас үшін су температурасының қолайлы мәнін
орнатыңыз.
3. Судың температурасы қалыпты болып тұрғанда, төменгі температураны орнатыңыз, бұл
жылу шығынын, жоғары температурадан туындаған коррозияны және күйдіруді болдырмауға
көмектеседі, нәтижесінде ЭСЖ-тың қызмет ету мерзіміне оң әсер етеді.
4. Жанармай сияқты жанғыш материалдарды ЭСЖ маңына қоймаңыз-бұл өртке әкелуі
мүмкін.
10