Текст страницы
Кепілдік шарттары
6
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы таңдауыңыз үшін алғыс білдіреді, пайдалану, орнату (монтаждау) және техникалық қызмет көрсету
ережелерін сақтаған жағдайда бұйымдардың (тауарлардың) жоғары сапасы мен мінсіз жұмысына кепілдік береді. Тұрмыста
пайдалануға арналған электр су жылытқыштарының ресми қызмет ету мерзімі — өнімді соңғы тұтынушыға берген күннен
бастап 7 жыл. Бұйымдардың жоғары сапасын ескерсек, олардың нақты қызмет мерзімі ресми мерзімнен едәуір асып кетуі
мүмкін және ұқыпты әрі мұқият қарасаңыз, сізге көптеген жылдар бойы қызмет етеді. Алайда, қызмет мерзімі аяқталғаннан
кейін Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заң негізінде өндіруші тұтынушыға бұйымды мақсатына сай пайдалану
мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттелмейді және тұтынушының өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін, оның мүлкіне
немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін елеулі кемшіліктер үшін жауап бермейді. Дегенмен, бұйымның қызмет мерзімі
аяқталғаннан кейін диагностикалық жұмыстарды қосымша ақыға жүргізу, бұйымды кәдеге жарату туралы ақпарат алу үшін
Авторланған сервистік орталыққа жүгіне аласыз. Түсініспеушіліктің алдын алу үшін сізден сатып алу кезінде пайдалану
құжаттамасын, тауарға қатысты кепілдік бойынша міндеттемелердің шарттарын мұқият зерделеуді, сондай-ақ оны сатқанда
тауарға қоса берілетін құжаттарды (тауар немесе касса чегі, пайдалану құжаттамасы, жүкқұжаттар, кепілдік талоны) қызмет
мерзімі ішінде сақтауды сұраймыз.
Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды (қосуды), бұйымға қоса берілетін пайдалану құжаттамасына сәйкес мерзімді
техникалық қызмет көрсетуді талап етсе, Авторланған сервистік орталыққа жүгіну керек. Механикалық, термиялық және
электрлік зақымданулардың пайда болуын болдырмау үшін өнімді пайдалану жағдайларына байланысты жылына кемінде бір
рет жиілікпен Авторизацияланған сервистік орталығында тұрақты техникалық қызмет көрсету ұсынылады, бұл өнімнің жоғары
өнімділігін сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ оның нақты қызмет ету мерзімін арттырады. Ластану себебінен (шаң, кір, жүн, түк)
бұйымның істен шығуы кепілді жағдай болып танылмайды және тек тұтынушының есебінен ғана жойылуы тиіс.
Өнімге мерзімді техникалық қызмет көрсетуді Авторизацияланған сервистік орталық қосымша ақыға жүргізеді. Haier
корпорациясы төменде көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда бұйымға кепілдік қызмет көрсетуден бас тарту құқығын
өзіне қалдырады.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету шарттары
Наіеr корпорациясы электр жинақтаушы сужылытқыш ушін кепілдік мерзімін тұтынушыға тауарды берген куннен бастап 2
жылды құрайды. СK1 сериясы ушін ішкі багына кепілдік мерзімі - 8 жыл, CK1 сериясы ушін жылыту элементіне арналған
кепілдік мерзімі (ТЭН)- 4 жыл. Кепілдік бойынша қызмет көрсету тауарды сату кезінде оған қоса берілетін құжаттармен
(тауарлық немесе кассалық чек, пайдалану құжаттамасы, жүкқұжаттар, кепілдік талоны) жиынтықталған, тауарды
сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауарларға ғана қолданылады. Бұйымда сериялық нөмір болмауы (егер өндіруші қарастырса)
оны сәйкестендіруге және соның салдарынан кепілдік бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Зауыттық сәйкестендіру
тақтайшаларын бұйымнан алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың, кепілдікті пломбалардың бүлінуі немесе
болмауы (олардың болуын дайындаушы қарастырса) кепілдік міндеттемелерін орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Кепілдікті қызмет көрсетуді тек Авторланған Haier қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады. Авторланған сервистік
орталықтардың толық тізімін алу үшін мына нөмірлерге қоңырау шалу арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе https://haieronline.kz сайты немесе support- kz@һаіеrоnlіnе.кz электрондық поштасы арқылы сұрау салу.
Авторланған сервистік орталықтардың деректері өзгеруі мүмкін, анықтау үшін Haier ақпараттық орталығына хабарласыңыз.
Кепілдікті қызмет көрсету кемшіліктері мыналардың салдарынан туындаған бұйымдарға таралмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
— бұйымды монтаждауға тиісті біліктілігі жоқ, құжатпен расталған тұлғаларды тарту сияқты электр қосылымдарымен жұмыс
технологиясын бұзу;
— пайдалану құжаттамасында талап етілсе, Бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетудің болмауы;
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеті жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе дайындаушы рұқсат етпеген құрылымдық
немесе схемалық-техникалық өзгерістер енгізуі;
— стандарттардан және қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш (апат, өрт, найзағай және т. б.) әсерінен;
— жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың оның ішінде бұйымға механикалық зақым келуіне әкеп
соққан қасақана немесе абайсыз әрекеттері;
— бұйымның ішіне бөгде нәрселер, заттар, сұйықтықтар, жәндіктер, жәндіктердің өмірлік белсенділігінің өнімдерінің түсуі;
— су жылытқыштың суға толмаған / толық толмаған багын қосу салдарынан термоқорғаныштың іске қосылуы;
— тұрақсыз сымды / сымсыз байланыс және тұрақсыз телефон желілері, сапасыз жерге тұйықтау, сыртқы электромагниттік
өрістер, тікелей күн сәулесінің әсер етуі, жоғары ылғалдылық пен діріл;
— қосымшалар, дискеттер, нұсқаулықтарды қоса алғанда, табиғи нашарлау (ескіру), сондай-ақ аккмулятор блогы
сыйымдылығының азаюы;
— стандартты емес және (немесе) сапасыз шығын материалдарын, аксессуарларды, қосалқы бөлшектерді, батареяларды
және / немесе әр түрлі типтегі құралдарды пайдалану;
Кепілдік бойынша қызмет көрсету мына жұмыс түрлерін қамтымайды:
— бұйымды пайдалану орнында орнату, баптау және қосу;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беру;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазарту.
KZ
Төменде аталған шығын материалдары мен аксессуарларға кепілдік бойынша және қосымша сервистік қызмет
көрсетілмейді:
— сүзгілер, суды жеткізуге /ағызуға арналған құбыршектер,
— басқару пульттері, аккумулятор батареялары, қуат беру элементтері, сыртқы қуат блоктары және қуаттағыш құрылғылар;
— бұйыммен қоса берілетін құжаттама.
38