Текст страницы
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЭСЖ-ны сақтандыру клапанынсыз қолдануға немесе басқа
өндірушілердің клапанын пайдалануға тыйым салынады
ЭСЖ-ны монтаждау кезінде тиісті дренажды (8) қарастырып, кəріз жүйесіне сақтандыру
клапанының шығару клапанынан судың ағуын қамтамасыз ету керек.
Əктас тұнбаларын кетіру үшін жəне клапанның жұмыс қабілетін тексеру үшін, кəріз
жүйесіне сақтандыру клапанының шығару құбыры арқылы кішігірім су мөлшерін
тұрақты (айына кемінде бір рет) төгіп отыру керек.
Тұтқа (6) клапанды (5) ашуға арналған. Сужылытқыш жұмыс істеген кезде, осы тұтқа бактан
судың төгілуін жауып тұратын қалыпта тұруын қадағалау қажет.
Су құбыры жүйесіне қосу (1-суретке) сəйкес максималл жұмыс қысымында 100°С-ге дейінгі
температураға есептелген мыс, пластмасса құбырлар немесе арнайы икемді сантехникалық-
жеткізгіштің көмегімен жүргізіледі. Бұрын пайдаланылған икемді жеткізгішті пайдалануға
тыйым салынады. Сантехникалық жеткізгіш жəне тиек арматура су құбыры желісінің
параметрлеріне сəйкес келуі жəне қажетті сапа сертификатына ие. Монтаждау кезінде бактың
келте құбырларының ойық бұрандаларының зақымдалуын болдырмау үшін, шамадан тыс күш
жұмсауға рұқсат етілмейді.
ЭСЖ қосылған соң, салқын судың тиек шұрасының (15) ашық екеніне, ал ыстық судың тиек
шұрасының (14) жабық екеніне көз жеткізіңіз. ЭСЖ-дан ауаның шығуын қамтамасыз ету үшін,
ЭСЖ-ға салқын суды беру кранын (10), ЭСЖ-дан ыстық су шығатын кранды (11) жəне
араластырғыштағы ыстық су кранын ашыңыз. ЭСЖ-ны соңғы толтырғанда, араластырғыштың
кранынан үздіксіз су ағады. Араластырғышта ыстық су кранын жабыңыз, ернемекте жылыстап
ағудың болуын тексеріңіз, қажет болған жағдайда, бұрандарды тартып бекітіңіз.
Металл бөлшектерде (келте құбырда, корпуста) температураның құлдырауымен байланысты
тамшы пайда болуы ЭСЖ-ның өз кемшілігі немесе жылыстап ағуы болып табылмайды.
Су құбырымен жабдықталмаған жерлерде ЭСЖ қосылғанда, ЭСЖ-ға суды сорғы станциясын
пайдалана отырып, қосымша сыйымдылықтан немесе ЭСЖ үстіңгі нүктесінен кемінде 5 метр
биіктікте орналастырылған сыйымдылықтан беруге рұқсат етіледі.
Электр желісіне қосу
Сужылытқышты электр желісіне қосу алдында, оның параметрлері сужылытқыштың
сипаттамаларына сəйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр қорегін қосу алдында ЭСЖ-ның сумен
толтырылғанына көз жеткізіңіз!
Сужылытқыштың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, оның жерге қосылуы
тиіс. Сужылытқыш еуроайырлы жəне ҚАҚ (опциялық) бар электр қорегінің штаттық
желілік бауымен жабдықталған. Электрлік розетка жерге қосу сымы жүргізілген жерге
қосу түйісуіне ие болуы жəне ылғалдан қорғалған жерге орналастырылуы немесе IРХ4-
ден төмен емес талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Пайдалану жəне техникалық қызмет көрсету
ЭСЖ-ны пайдалану барысында тұтынушы ЭСЖ қорғану қақпағында орналасқан (1-сурет, 17
т.) температураны реттеуіш тұтқасының көмегімен ЭСЖ-да су жылыту температурасын реттей
алады. Реттеуіш тұтқасын сағат тіліне қарсы соңына дейін бұраған кезде, ЭСЖ желіден
ажырайды, реттеуіш тұтқасы сағат тілі бойынша бұралғанда, температура +74°С (±5°С)-ге
дейін бірқалыпты ұлғаяды.
36