Инструкция встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08

Кепілдік шарттары 18 (стр. 99 из 100)

Бренд: Candy

Страница 99 документа Встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08. Раздел: Встраиваемые посудомоечные машины. Бренд: Candy.

Текст страницы

18

Кепілдік шарттары 18

Құрметті сатып алушы!

КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, Қытай мекенжайында
орналасқан Haier Корпорациясы бұл құрылғыны пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда жоғары сапасы мен
мінсіз қызмет ететініне кепіл болады. Тұрмыста қолдануға арналған тұрмыстық техниканың ресми жарамдылық
мерзімі: бұйым соңғы тұтынушыға берілген күннен бастап теледидар, микротолқынды пеш – 5 жыл, планшеттік
компьютерлер, ноутбуктар және телевизиялық приставкалар – 3 жыл, шаңсорғыштар – 4 жыл, мобильді телефондар
мен гироскутерлер – 2 жыл, басқа тауарлар – 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын есепке алғанда, нақты қызмет мерзімі
ресми мерзімнен едәуір жоғары болуы мүмкін. Бұйымның қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық
жұмыстар жүргізу және ұсыныстар алу үшін Хайер авторландырылған серіктестігіне жүгінуді ұсынамыз. Барлық
өнімдер пайдалану шарттарын ескере отырып жасалған және Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының
техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді. Түсінбестік болмау үшін сізден сатып алған кезде пайдалану
жөніндегі құжаттаманы, кепілдік бойынша міндеттемелердің шарттарын мұқият оқып шығуды сұраймыз. Бұл бұйым
тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды және
қосуды талап етсе, авторланған Candy сервистік орталықтарына жүгінуге кеңес береміз.
Haier Корпорациясы бұйымнан кемшілік табылған жағдайда тұтынушы талабын қанағаттандыру бойынша тұтынушы
құқығын қорғау туралы бекітілген қолданыстағы заңнамаға, басқа нормативті актілерге сай жауапкершілікті мойнына
алатынын растайды. Бірақ Haier корпорациясы төменде көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда бұйымға кепілдік
бойынша қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Кепілдікті қызмет көрсету шарттары
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал
түсінбестіктің алдын алу үшін бұйымды сатқанда берілген құжаттарды (тауарлық чек, кассалық чек, пайдалану
құжаттамасы) қызмет көрсету мерзімі аяқталғанша сақтаңыз.
Кепілдік бойынша тек авторланған Candy сервистік орталықтары қызмет көрсетеді. Авторланған сервистік
орталықтардың толық тізімін Candy ақпараттық орталығынан мына телефондар арқылы біле аласыз:
8-800-070-03-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе сайтта: https://haieronline.kz/ немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату жасап біле аласыз: support-
kz@haieronline.kz.
Уəкілетті қызмет көрсету орталықтары өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Candy байланыс орталығына
хабарласыңыз
Авторланған сервистік орталықтардың деректері өзгеруі мүмкін, анықтау үшін Candy ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Кепілдікті қызмет көрсету мыналардың салдарынан ақау пайда болған бұйымдарға көрсетілмейді:
― тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
― бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
― тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды
монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
― пайдалану бойынша құжаттама талап еткен жағдайда бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетілмегенде; ―
су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
― бұл бұйым типіне жарамайтын жуғыш құралдар қолдану, сонымен қатар жуғыш құралдардың кеңес берілген
мөлшерін асырудан;
― бұйымды ол арналмаған мақсатта қолданудан;
― үшінші тұлғалардың әрекеттері: уәкілеттігі жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген
құрылымдық немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
― қуат беру желілерінің стандарттары мен нормаларынан ауытқығаннан;
― еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
― жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттерінен; ―
бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктердің тіршілік
әрекеттерінің өнімдерінің түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса;
― су жылытқыштың толтырылмаған/ толық толтырылмаған багының іске қосылуының салдарынан термоқорғаудың
іске қосылуы.

Кепілдік қызмет көрсету келесі жұмыс түрлеріне қолданылмайды:
― бұйымды пайдаланатын жерде орнату және іске қосуға;
― тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;
― бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.

Төменде аталған шығын материалдары мен аксессуарлар кепілдік қызмет көрсетуге жатпайды:
― ауа баптағыштарға арналған сүзгілер;
― кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, су жеткізуге/ағызуға арналған құбыршектерге;
― шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, шөткелер, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
― микротолқынды пештерге арналған тәрелкелер, істекшелер, торлар, табақшалар және қойғыштар;
― сүзгілер, иіс сіңіргіштер, шамдар, сөрелер, тартпалар, бұйым қойғыштар және тоңазытқышта азық-түлік сақтауға
арналған басқа ыдыстар;
― басқару пульттері, аккумулятор батареялары, қуаттау элементтері, сыртқы қуат блоктары және қуаттау
құрылғылары;
― бұйымға қоса берілетін құжаттама.

Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы өндіруші үшін құрылғыны сәйкестендіруді және соның салдарынан
оған кепілдік бойынша қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Құрылғыдан зауыттық сәйкестендіру тақталарын алып
тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың зақымдалуы не болмауы кепілдік бойынша міндеттемелерді
орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.

KZ

99

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY CI 4E7L0W-08

48 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY NOVA CI 4A7E0AA-08

100 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

Gressel UBB600

53 стр.