Текст страницы
2
Электр желісіне қосу
Электрлік жалғау
Орнату жөніндегі нұсқаулар
y
Орнатқан кезде ыдыс жуатын машина электр беру желісіне жалғанбауы керек.
Үйдегі электрлік сымдар тиісті түрде жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
y
Паспорттық тақтайшаны тексеріңіз (ыдыс жуатын машинаның сол жағындағы
ішкі есігінде, тот баспайтын болаттан жасалған) және желідегі кернеу мен ток
жиілігінің мәндері тақтадағы мәндерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
y
Ашаны жерге тұйықтағыш және ажыратқышпен жабдықталған розеткаға
жалғаңыз.
МАҢЫЗДЫ!
y
Кез - келген тұрмыстық техниканы жерге тұйықтау - бұл стандарттарда
қарастырылған қауіпсіздік талабы.
y
Егер қуат беру шнурының ұзындығы ыдыс жуатын машинаны
розеткаға қосу үшін жеткіліксіз болса немесе штепсель розеткаға
сәйкес келмесе, бүкіл қуат сымын ауыстыру керек. Бұл процедураны
тек Haier-дің уәкілетті техникалық маманы орындауға тиіс. Ашасын
өзгертпеңіз және кеспеңіз. Ыдыс жуатын машинаны желіге қосу үшін
адаптерді, ұзартқышты немесе көп розеткалы блокты пайдаланбаңыз,
себебі бұл қызып кетуге және өртке әкелуі мүмкін.
y
Ыдыс жуатын машина қосылған розетка машинаны орнатқаннан
кейін де оңай қол жетімді болатын жерде (мысалы, көрші шкафта)
болуы керек. Бұл ыдыс жуатын машинаны тазалау және техникалық
қызмет көрсету үшін желіден ажырату үшін қажет.
KZ
23