Текст страницы
ПАЙДАЛАНУ
БИРЮСА BI 241
Тоңазытқышты
қосу / сөндіру
• Тоңазытқыштың қуат көзін қосқан кезде басқару тақтасындағы барлық индикаторлар
3 секунд ішінде жанады. Содан кейін «4°С» индикаторынан басқа барлық индикаторлар
сөнеді.
• Тоңазытқышты сөндіру үшін, «A» батырмасын басып, 10 секунд бойы басып ұстап
тұрыңыз. 30 секундтан кейін тоңазытқыш өшеді. Тоңазытқышты қайтадан қосу үшін «A»
батырмасын басыңыз.
ҚАЗАҚША
Тоңазытқышты
бұғаттау /
бұғаттан
шығару
• Егер басқару панелі бұғатталған болса, «А» батырмасын 3 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Басқару панелін бұғаттан шығарған кезде барлық индикаторлар 2 секунд бойы жыпылықтап
тұрады.
• Егер басқару панелін бұғаттан шығарғаннан кейін 30 секунд бойы онда ешқандай
әрекеттер болмаса, ол автоматты түрде бұғатталады.
Тоңазытқышты
басқару панелі
A - Тоңазыту бөліміндегі температураны таңдау, бұғаттау/бұғаттан шығару, «Супер
мұздату» режимін қосу/сөндіру батырмасы.
Индикатор 1: 8°C
Индикатор 2: 6°C
Индикатор 3: 4°C
Индикатор 4: 2°C
Температураны
орнату
• Тоңазыту бөлімінің температурасын таңдау үшін «А» батырмасын біртіндеп басыңыз,
бұл кезде таңдалған температура индикаторы жанады. 30 секундтан кейін тоңазытқыш
таңдалған режимде жұмыс істей бастайды.
«Супер
мұздату»
режимі
• «Супер мұздату» режимінде мұздату бөліміндегі температура -24°C–ге жетеді. «Супер
мұздату» режимін қосу үшін «А» батырмасын басып, 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
• «A» батырмасын қайталап басқан кезде, 3 секунд ішінде «Супер мұздату» режимі
өшіріледі. Сонымен қатар, «Супер мұздату» режимін 20 сағат өткен соң автоматты түрде
өшіруге болады.
51