Текст страницы
Клиенттерді қолдау қызметі
Кепілдікті жəне қосымша сервистік қызмет ақаулықтары келесілердің салдарынан
пайда болған бұйымдарға көрсетілмейді:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау жағдайлары мен
ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау жəне/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын жəне электрлік қосылуларды
бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ
тұлғаларды тарту;
— пайдалану бойынша нұсқаулық талап еткен жағдайда Бұйымға уақтылы техникалық
қызмет көрсетілмегенде.
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар
жуғыш құралдардың ұсынылған мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың əрекеттерінен: уəкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе
өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— Стандарттардан жəне қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш əрекеттерінен (апат, өрт, найзағай жəне т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе
абайсыз əрекеттерінен
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жəндіктердің,
жəндіктердің тіршілік əрекеттерінің өнімдерінің түсуінен пайда болған бұзылулар
анықталса.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты
болмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау жəне кеңес беруге;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар
мен керек-жарақтар жатпайды:
— сүзгілер, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектер;
— сүзгілер, иісті жұтқыштар, шамдар, сөрелер, жəшіктер, қойғыштар жəне тоңазытқышта
азық-түлікті сақтауға арналған басқа ыдыстар;
— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру жəне т. б.) тұтынушының қалауы бойынша
қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіруге,
жəне де, нəтиже ретінде, оған кеплідікті қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан
зауыттық сəйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық
тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне
айналуы мүмкін.
47