Текст страницы
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ақпарат
Назар аударыңыз! Қауіпсіздік техникасы бойынша
маңызды ақпарат.
Жалпы мәліметтер мен ұсынымдар
Экологиялық мәліметтер
Кәдеге жарату
Қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын қорға-
уға көмектесіңіз. Қайта өңдеуге бағыттау үшін қаптаманы
тиісті контейнерлерге салыңыз. Электр және электрондық
құрылғылардың қалдықтарын қайта өңдеуді іске асыруға
көмектесіңіз. Осы символмен белгіленген бұйымдарды
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Бұйымды жер-
гілікті қайта өңдеу кәсіпорнына өткізіңіз немесе муниципал-
дық мекемеге жүгініңіз.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе тұншығу қаупі бар!
Тоңазытқыш агенттер мен газдарды кәсіби түрде кәдеге жарату керек. Кәдеге
жаратпас бұрын, тоңазытқыш агент контуры құбырларының бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Құрылғыны желіден ажыратыңыз. Желілік қуат сымын кесіп, оны кә-
деге жаратыңыз. Балалар мен үй жануарлары ішінде жабылып қалмауы үшін
науаларды және жылжымалы жәшіктерді, сондай-ақ есік ысырмасы мен тығы-
здағыштарды алып тастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұтану қаупі / тез тұтанатын материалдар.
Символ пайдаланылатын тез тұтанатын материалдар себебінен
өрт қаупін көрсетеді. Тез тұтанатын материалмен жұмыс істеген-
де, өрт тудырмау үшін абай болыңыз.
4