Текст страницы
Жұмыстағы үзіліс
Жол жүру алдында
Қысқа мерзімге жол жүру алдында барлық жылдам
бұзылатын тағамдарды алып тастаңыз, тоңазытқышта
қажетті
температураны
орнатыңыз,
температура
расталғаннан кейін тоңазытқыштың есігін мықтап жабыңыз.
Ұзақ уақытқа жолға шығатын болсаңыз, тоңазытқышты
розеткадан ажыратып, қоректі өшіріңіз. Барлық тағамдарды
алып тастаңыз, барлық мұз ерігенше күтіңіз, содан кейін
тоңазытқыштың ішін тазалаңыз. Ұсақ тағам қалдықтарынан
жағымсыз иістер шығуының алдын алу үшін тоңазытқыштың
есігін ашық қалдырыңыз.
Үй-жайдағы температура 0°C төмен болады деп күтілсе,
суды сумен қамту жүйесіне ағызу үшін білікті маманға
хабарласыңыз.
Керісінше
жағдайда,
құбырлардың
жарылуы немесе қосылу салдарынан судың ағып кетуі
біршама материалдық шығынға әкеледі.
Назар аударыңыз
Пайдаланылған жабдықты дұрыс кәдеге жаратыңыз немесе оны
білікті қызметкерлерге кәдеге жарату үшін тапсырыңыз. Қоршаған
ортаның ластануын немесе басқа қауіпті жағдайларды болдырмау
үшін тоңазытқышты басқа қоқыспен бірге тастамаңыз.
Тасымалдау кезінде
Тоңазытқышты өшіру үшін қорек батырмасын басып,
оны 3 секунд ұстап тұрыңыз. Қорек баусымының айырын
розеткадан ажыратыңыз.
Тоңазытқыштағы тағамдарды шығарыңыз.
Жәшіктер, көкөніс контейнерін және басқа қозғалатын
компоненттерді жабысқақ таспамен бекітіңіз.
Тоңазытқыштың есігін мықтап жабыңыз және тоңазытқышты
алып жүру кезінде ашылмас үшін оны жабысқақ таспамен
бекітіңіз.
Салқындату жүйесіне зақым келтірмеу және қалыпты жұмыс
істемеу үшін тоңазытқышты алып жүру кезінде максималды
көлбеулік бұрышы 45 градустан аспауы керек (тік қалыпта).
Еш уақытта тоңазытқышты бүйір жағымен қоюға болмайды.
Тыйым салынады
37