Текст страницы
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•
Газ жылыстап шыққанын байқасаңыз, ашық от көзінің
немесе басқа да газды тұтандыруы мүмкін заттардың жоқ
екенін тексеріңіз де, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут
желдетіңіз.
-
Құрылғыға немесе қуат сымына қол тигізбеңіз.
-
Желдеткішті қолданбаңыз.
-
Жарқыл пайда болып, жарылысқа немесе өртке ұласуы
мүмкін.
•
Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын
орналастырып қою керек.
•
Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
•
Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге
әрекет етпеңіз.
-
Рұқсат етілмеген өзгерістер енгізілсе, қауіпсіздікке
қайшы жағдайлар туындауы мүмкін. Рұқсат етілмеген
өзгерістерден кейін тоңазытқышты қалпына келтірсек,
бөлшектердің құны мен жұмыс ақысын толық аламыз.
•
Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты
(мысалы, мыс, темір сым т.б.) пайдаланбаңыз.
•
Тоңазытқышты жөндеу немесе қайта орнату қажет болса,
жақын жердегі сервис орталығына хабарласыңыз.
-
Бұлай істемеген кезде, электр қатері, өрт, құрылғыға
байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы
мүмкін.
•
Тоңазытқыштан тұтанған иіс немесе түтін шыққаны байқалса,
дереу ток көзінен ағытыңыз да, Samsung Electronics қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
-
Бұлай істемесеңіз, электр қатері пайда болуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Қазақ 19
Untitled-5 19
2021-04-06 4:06:16