Текст страницы
23
KZ
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды кері температурада тасымалдағаннан
немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан шыға-
рыңыз және пайдалану алдында 3 сағат күтіңіз.
• Құралды қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын алып тастаңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Құралды зақымдануына қатысты тексеріп
алыңыз, зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
• Құралдың көрсетілген қуаттандыру кернеуі пара-
метрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Құралды 60 Гц жиіліктегі
электр желісінде пайдаланған кезде ешқандай
қосымша әрекет қажет емес.
• Шаңды жою үшін құралды таза, аздап дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Құралды пайдалану барысында желі бауын толық
ұзындығы бойынша тарқатыңыз.
ШАШТЫ ТҮЗЕТУ
• Құралды боялмаған және шашқа арналған хими-
ялық заттармен бұйраланбаған, сау шашты түзету
үшін пайдаланыңыз.
• Егер шаш боялған немесе химиялық бұйралауға
ұшыраған болса, онда түзеткішті сирек пайдала-
ныңыз.
• Шашты түзер алдында сусабынмен жуыңыз, сүл-
гімен сүртіңіз, фенмен кептіріңіз және тараңыз.
• Жұмыс пластиналарын (4) қысыңыз және бекіткіш-
ке (1) басыңыз « ».
• Түзеткішті тегіс, тұрақты және термотөзімді бетке
қойыңыз.
• Желілік баудың айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
• Түзеткішті қосыңыз, ол үшін қуаттандыру сөндір-
гішін (1) «OFF» күйіне орнатыңыз.
• Ескертпе: — бірінші рет пайдаланған кезде
қыздыру элементінен бөтен иістің пайда болуы
мүмкін, бұл қалыпты жағдай және кепілдік оқиғасы
болып табылмайды.
• Тегіс таралған шаштарды біркелкі ені 4-5 см
тарамдарға бөліңіз.
• Шаш тарамын жұмыс пластиналары (4) арасына
салыңыз.
• Жұмыс пластиналарын (4) сәл қысыңыз және
оларды шаш тарамының соңына дейін өткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: жұмыс пластиналарын шаш тарамының
бір жерінде 2 секундтан артық ұстамаңыз.
• Түзеткішті тегіс, тұрақты, термотөзімді бетке
орналастырыңыз. Жұмыс пластиналары мен сы-
ртқы беттері тез балқитын немесе тез тұтанатын
заттармен жанаспауын қадағалаңыз.