Текст страницы
Ақпарат жəне ұсыныстар
ЕСКЕРТУ: Тамақ дайындауға арналған аспаптармен бірге пайдаланғанда қолжетімді бөліктер қызуы мүмкін.
Белгілі бір жағдайларда электрлік аспаптар қауіп төндіруі мүмкін.
А) Егер сорғышпен бірге газбен немесе басқа отынмен жұмыс істейтін аспаптар
пайдаланылатын болса, үй-жайда тиісті желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
В) Асүй сорғышы жұмыс істеп тұрғанда сүзгілердің күйін тексермеңіз.
С) Аспап пайдаланғаннан кейінгі жарты сағат ішінде шамға қол тигізбеңіз.
D) Асүй сорғыштың астында ашық оттың пайда болуына жол бермеңіз.
E) Егер осы уақытта плитада кастрюль болмаса, газ плитасын қосуға жол бермеңіз,
өйткені бұл сүзгілерді зақымдауы жəне өрттің пайда болу қаупіне əкелуі мүмкін.
F) Тамақтарды қуыру процесін үнемі қадағалап отырыңыз, өйткені қызған майдың
шашырандылары өрттің себебіне айналуы мүмкін.
G) Техникалық қызмет көрсетумен байланысты кез келген жұмысқа кірісер алдында
қуат беру көзінің баусымын желіден ажыратыңыз.
H) Қоршаған ортаға зиянды газдарды шығару үшін сорғышты пайдаланбаңыз.
I) Сорғыштың жəне электрліктен ерекшеленетін қуат көзінен қоректенетін
аспаптардың бір сəтте жұмыс істегенінде үй-жайдағы теріс қысым 4 ПА-дан (4х10-5
бар) аспауы тиіс.