Текст страницы
Күтім жасау және техникалық қызмет
көрсету
МАҢЫЗДЫ! ТҮТІНСОРҒЫНЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ АЛДЫНДА МІНДЕТТІ
ТҮРДЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕН АЖЫРАТЫҢЫЗ.
Тазалау
Абразивті емес жуғыш құрал қолданыңыз. Кез келген
абразивті жуғыш құрал (Cif-ті қоса алғанда) бетін сырып,
басқару панеліндегі белгішелерді өшіруі мүмкін.
Түтінсорғыны тиімді тазалау үшін су мен жұмсақ
жуғыш құрал ерітіндісін пайдалану жеткілікті. Онымен
түтінсорғының бетін сүртіп, таза шүберекпен құрғатып
өңдеңіз.
Майтұтқыш сүзгіні тазалау
Тұтану қаупін барынша азайту үшін майтұтқыш сүзгіні таза
ұстаған жөн.
Сүзгіні айына бір реттен кешіктірмей алып, ыстық сабынды
сумен тазалау керек. Майтұтқыш сүзгіні ыдыс жуатын
машинада жууға болады, ыдыс жуатын машинадағы басқа
заттарға тиіп зақымдалмау үшін оны тік қою керек. Жуылған
және кепкен сүзгіні орнына қайта қойыңыз.
9-сур.
Майтұтқыш сүзгіні алу үшін тұтқасындағы батырманы
басып, сүзгіні төмен тартыңыз. Сүзгі түтінсорғы корпусынан
ажырағанда оны толық алуға болады. Майтұтқыш сүзгіні
орнына қайта қою үшін осы әрекеттерді кері тәртіпте
қайталаңыз.
Есте сақтау маңызды:
Майтұтқыш сүзгіні кір жуатын машинада жуу түссізденуіне
әкелуі мүмкін. Бұл қалыпты және құрылғы ақауы болып
саналмайды.
10-сур.
22