Текст страницы
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
1. Осы нұсқаулық су жылытқыштың жеткізілім жинағына кіреді. Құрылғыны басқа тұтынушыға беретін және/немесе
басқа жерге ауыстыратын жағдайлар үшін нұсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз.
2. Осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз. Нұсқаулықта су жылытқышты орнату, пайдалану және қызмет көрсету
барысындағы қауіпсіздік шаралары туралы қажетті ақпарат берілген.
3. Құрылғыны монтаждау тұтынушының есебінен жүзеге асырылады.
4. Құрылғыны тағайындалымынан тыс қолдануға қатаң тыйым салынады. Өндіруші фирма осы нұсқаулықтың
талаптарын орындамаудың нәтижесінде орын алған ақаулары үшін жауапты емес.
5. Монтаждау және техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмысты білікті маман қолданыстағы нормалар
мен қағидаларға, сондай-ақ өндіруші фирманың талаптарына сәйкес орындауы тиіс.
6. Дұрыс орнатылмаған құрылғыны пайдалану жарақаттануға және мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін. Өндіруші
жабдықты дұрыс орнатпаудың салдарынан болған ақауларға жауапты емес.
7. Қаптау материалдарын (қысқыштар, полиэтилен пакеттер, пенополистирол және т. б.) балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Қаптау материалы денсаулыққа зиян.
8. Физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен тұлғаларға (балаларды қоса алғанда) немесе
олардың өмірлік тәжірибесі мен білімі болмаған жағдайда, және егер ол өздерінің қауіпсіздігіне жауапты
тұлғаның бақылауында болмаса немесе құрылғыны қолдану жөнінде нұсқау берілмесе, құрылғыны пайдалануға
болмайды.
9. Егер сіз аяқ киімсіз немесе Сіздің қолыңыз және/немесе аяғыңыз су болса, құрылғыны ұстамаңыз.
10. Жөндеу жұмыстарын білікті маман өндіруші фирма шығарған қосалқы бөлшектерді қолдана отырып орындауға
тиіс. Осы талап сақталмаған жағдайда өндіруші өзінен барлық кепілді міндеттемелерді алып тастайды.
11. Ыстық судың температурасы қызып кетуден қорғау функциясын атқаратын термостатпен реттеледі.
12. Сумен қамту «Гидравликалық қосу» тармағына сәйкес орындалуға тиіс.
13. Электромонтаж «Электрлік қосу» тармағына сәйкес орындалуға тиіс.
14. Егер сақтандырғыш клапаны жинаққа кірмесе, оны модификациялауға немесе қолданыстағы талаптар мен
нормаларға сәйкес келмейтін басқа клапанға ауыстыруға қатаң тыйым салынады.
15. Тез тұтанғыш заттарды жабдыққа тікелей жақын жерде сақтамаңыз.
16. Су жылытқыш тұрмыстық қолданысқа арналған техникалық күрделі электрлік құрылғы болып табылады.
17. Егер электрлік су жылытқышты орнату барысында тұрғын үйлердегі кісі тұратын және тұрмайтын ғимараттарды
қайта жабдықтау (қайта құру) қажет болса, онда оны орнатуды белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсаттарды алғаннан
кейін ғана жүзеге асыруға жол беріледі.
18. Су жылытқышты көлік құралының ішіндегі соққылардың, жылжып кетудің және құлаудың алдын алу үшін мықтап
бекіту арқылы тік немесе көлденең күйінде (моделіне қарай) жабық көліктің кез келген түрімен тасымалдау керек.
19. Су жылытқышты тиеу-түсіру жұмыстарының барысында соққы жүктемесіне ұшыратуға тыйым салынады.
20. Тасымалдау барысында қаптаманы қысқыштармен қармау қажет болса, қармауды қаптаманың мына белгі
қойылған бүйір жағынан жүзеге асыру ұсынылады.
21. Бұйымдар сақталатын қойма ғимараттарында +5°С-тан +40°С-қа дейінгі ауа температурасы мен +25°С тем
пературада 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ал одан төмен температурада ылғал
конденсаты болмайтындай қамтамасыз етілуі тиіс.
22. Бұйым атмосфералық жауын-шашындардың әсерінен қорғайтын, ауасында қышқылдардың, сілтілердің және өзге
қоспалардың булары кездеспейтін қойма ғимараттарында қаптамада сақталуы тиіс.
27