Текст страницы
- Батареяны өртемеңіз, себебі бұл өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
• Пайдаланушы батареяны алып тастамауы немесе ауыстырмауы керек.
Батареяны тек өндірушінің уәкілетті қызмет көрсету орталығы алып тастай
немесе жөндей алады.
• Құрылғыңызды құрғақ жерде ұстаңыз.
• Құрылғыңызды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Құрылғының кез келген бір
бөлшегі тиісті түрде жұмыс істемесе, Xiaomi тұтынушыларды қолдау қызметіне
хабарласыңыз немесе құрылғыңызды уәкілетті қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
• Басқа құрылғыларды олардың пайдалану нұсқаулықтарына сәйкес
байланыстырыңыз. Бұл құрылғыға сәйкес келмейтін құрылғыларды
байланыстырмаңыз.
• Айнымалы ток/тұрақты ток адаптерлері үшін, розетка жабдықтың жанында
орнатылуы керек және қол жетімді жерде болуы керек.
Сақтық шаралары
• Белгілі бір жағдайларда және ортада планшетті пайдалануды шектейтін барлық
қолданыстағы заңдар мен ережелерді сақтаңыз.
• Планшетті жанармай құю бекеттерінде, жарылыс қаупі бар немесе жарылу
қаупі жоғары орталарда, соның ішінде жанармай құю станцияларында, кеме
палубаларының астында, жанармай немесе химиялық заттар тасымалданатын
немесе сақталатын жерлерде немесе ауасында астық, шаң немесе металл
ұнтақтары секілді химиялық заттар немесе бөлшектер болуы мүмкін жерлерде
пайдаланбаңыз. Планшетті немесе басқа да радиожабдық түрлері сияқты
барлық сымсыз құрылғыларды өшіруді талап ететін кез келген ережелерді
ұстаныңыз. Жарылыс жұмыстары жүргізілетін аумақта немесе ықтимал
қауіптердің алдын алу мақсатында «екіжақты радиостанцияларды» немесе
«электрондық құрылғыларды» өшіруді талап ететін жерлерде планшетті немесе
сымсыз құрылғыны өшіріңіз.
• Планшетті аурухананың ота жасайтын бөлмелерінде, жедел жәрдем
немесе жансақтау бөлімдерінде пайдаланбаңыз. Әрқашан ауруханалар мен
медициналық орталықтарда белгіленген барлық ережелер мен талаптарды
орындаңыз. Медициналық құрылғыны пайдаланатын болсаңыз, планшетіңіз
құрылғының жұмысына кедергі келтірмейтініне көз жеткізу үшін дәрігеріңізбен
және құрылғы өндірушісімен кеңесіңіз. Кардиостимулятор үшін ықтимал
кедергілерді туындатпау үшін әрқашан планшет пен кардиостимулятор
арасында кемінде 15 см қашықтықты сақтаңыз. Медициналық жабдыққа кедергі
келтірмеу үшін планшетті есту аппараттарының, кохлеарлық импланттардың
немесе басқа ұқсас құрылғылардың жанында пайдаланбаңыз.
• Ұшақтағы барлық қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз және ұшақ борты сұраған
жағдайда планшетті өшіріңіз.
• Көлік жүргізу кезінде планшетті жол жүру ережелері мен талаптарына сәйкес
пайдаланыңыз.
• Найзағай соғуының алдын алу үшін күн күркіреген кезде планшетті сыртта
пайдаланбаңыз.
• Планшетті жуыну бөлмелері секілді ылғалдылығы жоғары жерлерде
пайдаланбаңыз. Бұл электр тоғының соғуына, жарақат алуға, өртке немесе
зарядтағыштың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік мәлімдемесі
Кірістірілген бағдарламалық жабдықты жаңарту мүмкіндігін пайдаланып
планшетіңіздің операциялық жүйесін жаңартыңыз немесе кез келген уәкілетті
қызмет көрсету орталықтарына жүгініңіз. Басқа әдістерді пайдаланып
бағдарламалық жабдықты жаңарту құрылғыны зақымдауы немесе деректердің