Инструкция 11.16" Планшет Xiaomi Pad 7 Pro Wi-Fi

Страница 5 (стр. 5 из 24)

Бренд: Xiaomi

Страница 5 документа 11.16" Планшет Xiaomi Pad 7 Pro Wi-Fi. Раздел: Планшеты. Бренд: Xiaomi.

Текст страницы

жоғалуына, қауіпсіздік мәселелерінің туындауына және басқа да қауіптерге әкелуі
мүмкін.

ЕО ережелері

RED сәйкестік декларациясы

Xiaomi Communications Co., Ltd компаниясының мәлімдемесіне сәйкес Bluetooth
және Wi-Fi мүмкіндіктерімен қамтылған бұл 24091RPADG планшеті RE 2014/53/
EU директивасының негізгі талаптарына және басқа да тиісті ережелеріне сәйкес
келеді. ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні келесі сілтеме бойынша
қолжетімді: www.mi.com/en/certification

Радиожиілік сәулеленуінің әсер етуі (SAR) туралы ақпарат

Бұл құрылғы 1999/519/ЕC Кеңесінің ұсынысында, ICNIRP нұсқаулығында және
RED сәйкестік декларациясында (2014/53/EU директивасында) көрсетілген
жалпы пайдалану/бақыланбайтын әсер ету бойынша салыстырмалы сіңіру
коэффицентінің (SAR) шектеулеріне (дене үшін 10 грамға шаққандағы SAR
шектеуі, шектеуі: 2,0 Вт/кг) сәйкес келеді.

SAR сынағы кезінде құрылғы барлық сыналған жиілік ауқымдарында ең жоғары
сертификатталған қуат деңгейіне орнатылды.

Құрылғыны денеге жақын бекіткен кезде металл бөлшектері жоқ қысқышын немесе
тысқапты пайдалану керек. Денеге металл аксессуарлары киіліп, радиожиілік
сәулеленуінің әсер етуі сыналмаған немесе сертификатталмаған, сол себепті
мұндай аксессуарларды пайдаланудан аулақ болу керек.

Сертификаттау ақпараты (ең жоғары SAR деңгейі)

10 грамм үшін SAR шегі: 2,0 Вт/кг,
SAR мәні: Дене: 0.993 Вт/кг (0 мм қашықтықта).

Заңи ақпарат

Бұл құрылғыны ЕО-ға мүше барлық елдерде пайдалануға болады.
Құрылғы пайдаланылатын аймақтың ұлттық және жергілікті ережелерін сақтаңыз.

Wi-Fi қосылымының мүмкіндіктері (соның ішінде Wi-Fi жиілік ауқымдары, Wi-Fi
стандарттары және IEEE 802.11 стандартты сипаттамаларында көрсетілген
басқа мүмкіндіктер) аймақтық қолжетімділікке және жергілікті желі қолдауына
байланысты өзгешеленуі мүмкін. Мүмкін болған кезде, функцияны OTA жаңартуы
арқылы қосуға болады.

2,4 ГГц ауқымындағы шектеулер:
Норвегия: бұл бөлімше Нью-Алесунд орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан
географиялық аймаққа қолданылмайды.

Пайдаланылатын қуат адаптерлерінің еліңіздегі қолданыстағы нормаларға және
халықаралық және аймақтық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.