Текст страницы
KZ
Бұл құрылғы УК шамымен жабдықталған.
АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУЛЕР:
Құрылғы қақпағын ашпас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде
оқып шығыңыз.
■Жоғарғы ауа кіретін саңылауынан жəне кондиционердің ішінен ультракүлгін сəулелену көздің немесе
терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Тазалау үшін ауа сүзгісін алмас бұрын кондиционердің қуатын
өшіруді ұмытпаңыз.
■Ультракүлгін сəулелену қаупін көрсететін ультракүлгін тосқауылдарын алып тастамаңыз.
■Құрылғы анық зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз.
■Ультракүлгін шамды кондиционерден бөлек пайдаланбаңыз.
■Ультракүлгін шамды ауыстыру, тазалау немесе басқа техникалық қызмет көрсету алдында кондицио-
нерді қуат көзінен ажыратыңыз.
■Кондиционерде қолданылатын ультракүлгін шамның түрі: 0011022283A.
■Ультракүлгін сəулелену қаупінің белгісі бар кондиционердің алдыңғы панелі магнит өрісінің сенсо-
рымен жабдықталған. Сенсор алдыңғы панельді ашқан кезде ультракүлгін шамның қуатын өшіруге
мүмкіндік береді. Магнит өрісінің сенсорын тұрмыстық магниттермен немесе басқа ұқсас материал-
дармен ұстамаңыз.
■Техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын жəне ультракүлгін сəулелену қаупінің
ескерту белгісімен белгіленген алдыңғы панельді ашпас бұрын кондиционердің қуатын толығымен
өшіріңіз.
■Ультракүлгін шамды ауыстыру жəне жөндеу, егер ол ақаулы болса, тек өндірушінің авторласты-
рылған сервистік орталығының мамандары орындауы керек.
■Кондиционерді мақсатсыз пайдалану немесе оның корпусына зақым келтіру бақыланбайтын
ультракүлгін сəулеленуге əкелуі мүмкін. Кішкентай дозаларда да ультракүлгін сəулелену көзге жəне
теріге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
3