Инструкция 27" Монитор Machenike MKF27F240L

Страница 15 (стр. 15 из 28)

Бренд: Machenike

Страница 15 документа 27" Монитор Machenike MKF27F240L. Раздел: Мониторы. Бренд: Machenike.

Текст страницы

Кіріспе

Machenike мониторын таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Құрылғыңызбен
жұмыс жасауды бастамас бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және
оны болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Осы нұсқаулықта пайдаланатын
суреттер құрылғының функцияларын көрсету үшін қолданылады және шынайыдан
сәл өзгеше болуы мүмкін.

Өндіруші алдын ала ескертусіз осы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу құқығын өзіне
қалдырады.

Бұл өнім тек тұрмыстық пайдалануға арналған және оны өнеркәсіптік немесе
коммерциялық мақсаттарда пайдалануға болмайды. Өнімді қаптамасында
көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес зауыттық қаптамасында тасымалдау
және сақтауқажет. Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз. Көлік пен
қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан және механикалық зақымдалудан
қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Аспаптың жұмысында ақаулықтар анықталған жағдайда оны пайдалануды дереу
тоқтатып, тестілеу, ауыстыру немесе жөндеу үшін HAIER компаниясының жақын
жердегі сервистік орталығына тапсыру керек. Қауіпсіздік мақсатында құрылғыға
жөндеуді және оған қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстарды тек қана HAIER
компаниясының уәкілетті сервистік орталықтарының өкілдері жүргізуі тиіс.

Сервистік орталықтардың мекенжайлары мен телефондарын
https://haieronline.kz сайтынан
немесе 8 800 070 01 29 телефоны арқылы табуға болады.