Текст страницы
Сақтық шаралары
Келесі нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және қауіптіліктің пайда болуын немесе
заңның бұзылуының алдын алу үшін осы ережелерге сәйкес әрекет етіңіз.
WEEE логотипінің мағынасы туралы ақпарат (электрлік және электронды жабдықты
кәдеге жарату):
Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы WEEE логотипі бұл бұйымды
тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге тыйым
салынатындығын көрсетеді. Сіз барлық электрондық құрылғыларыңыз немесе
электр жабдықтарыңызды кейіннен кәдеге жарату үшін қауіпті қалдықтарды жинау
орнына жеткізуге жауаптысыз. Электрондық құрылғылар мен электр жабдықтарын
жинау және дұрыс кәдеге жарату — табиғи ресурстарды сақтаудың кепілі.
Электрондық құрылғылар мен электр жабдықтарын қайта өңдеу адам денсаулығы
мен қоршаған ортаның тазалығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Қосылатын жабдыққа арналған розетка жабдықтың жанында орнатылуы керек
және оңай қолжетімді болуы тиіс.
• Бұйым теңіз деңгейінен 2000 метрден төмен тропикалық емес аймақтарда
қолдануға жарамды.
• Монитордың жерге құлауынан немесе басқа да қатты әсерден соққыларына жол
бермеңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт ішінде тым төмен немесе тым жоғары температурада
(< 35°C), жоғары ылғалдылықта немесе шаңдану жағдайында пайдаланбаңыз.
• Мониторды тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшыратпаңыз.
• Құрылғыны күшті магнит өрістеріне немесе статикалық электр қуатының әсеріне
ұшыратпаңыз.
• Құрылғыға су немесе басқа сұйықтық тиген жағдайда оны дереу өшіріп,
құрғағанша пайдаланбаңыз.
• Коррозия мен ылғалдың салдарынан болатын зақымдануларды болдырмау
үшін мониторды химиялық элементтері бар жуғыш заттармен немесе басқа
сұйықтықты пайдалану арқылы тазаламаңыз. Беткейді тазалау қажет болса,
құрғақ, жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
• Біздің компания бағдарламалық жасақтама мен жабдықтың дұрыс жұмыс
істемеуінен, техникалық қызмет көрсетуден немесе кез-келген басқа жағдайдан
туындаған деректердің жоғалуы немесе бұйымнан жойылуы үшін жауап бермейді.