Текст страницы
Кепілдік шарттары
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Haier корпорациясы таңдауыңыз үшін алғыс білдіріп, пайдалану, орнату (монтаждау) және
техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтаған жағдайда бұйымдардың (тауардың)
жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс істеуіне кепілдік береді. Тұрмыстық пайдалануға арналған
теледидарлардың ресми қызмет ету мерзімі — өнімді түпкілікті тұтынушыға берген күннен
бастап 5 жыл. Өнімнің жоғары сапасын есепке алғанда, нақты қызмет мерзімі ресми мерзімнен
едәуір жоғары болуы мүмкін. Бұйымдардың жоғары сапасын ескере отырып, олардың нақты
қызмет мерзімі ресми мерзімнен едәуір асып кетуі мүмкін және ұқыпты әрі мұқият қарасаңыз,
олар сізге көптеген жылдар бойы қызмет етеді.
Алайда, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заң
негізінде дайындаушы тұтынушыға бұйымды мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін
қамтамасыз етуге міндеттенбейді және тұтынушының өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін,
оның мүлкіне немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін елеулі кемшіліктер үшін жауап
бермейді. Дегенмен, бұйымның қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сіз бұйымға қосымша ақыға
диагностикалық жұмыстарды жүргізу, кәдеге жарату жөнінде ақпарат алу үшін Авторландырылған
сервистік орталыққа жүгіне аласыз.
Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін сізден сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасын, тауарға
кепілдік міндеттемелерінің шарттарын мұқият зерделеуді, сондай-ақ тауарды сату кезінде оған
қоса берілетін құжаттарды (тауар немесе кассалық чек, пайдалану құжаттамасы, жүкқұжаттар,
кепілдік талон) қызмет мерзімі бойы сақтауды сұраймыз.
Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды (қосылуды), бұйымға қоса берілетін пайдалану
құжаттамасына сәйкес мерзімді техникалық қызмет көрсетуді талап етсе, Авторландырылған
сервистік орталыққа жүгіну қажет.
Механикалық, термиялық және электрлік зақымданулардың пайда болуына жол бермеу үшін
бұйымға тұрақты техникалық қызмет көрсетуді пайдалану жағдайларына қарай жылына
кемінде бір рет кезеңділікпен Авторландырылған сервистік орталықта жүргізу ұсынылады, бұл
бұйымның жоғары өнімділігін сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ оның нақты қызмет ету мерзімін
арттырады. Ластануы (шаң, кір, жүн, түк) себебінен бұйымның істен шығуы кепілді емес
жағдай болып танылады және тек тұтынушының есебінен ғана жойылуы тиіс.
Бұйымға мерзімді техникалық қызмет көрсетуді Авторландырылған сервистік орталық қосымша
ақыға жүргізеді.
Haier корпорациясы төменде көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда бұйымға кепілдік
қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
42