Текст страницы
Кепілдік шарттары
КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ:
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады.
Кепілдікті қызмет көрсету тауарды сату кезінде оған қоса берілетін құжаттармен (тауарлық немесе
кассалық чек, пайдалану құжаттамасы, жүкқұжаттар, кепілдік талон) жинақталған, тауарды
сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауарларға ғана қолданылады.
Бұйымда сериялық нөмірдің болмауы (егер оны дайындаушы көздеген жағдайда) оны сәйкестендіруге
және соның салдарынан оған кепілдік қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді.
Бұйымнан зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық тақтайшалардың, кепілдік пломбалардың зақымдануы немесе болмауы (егер олардың
болуын дайындаушы көздеген жағдайда) кепілдік міндеттемелерін орындаудан бас тартуға себеп
болуы мүмкін.
АВТОРИЗАЦИЯЛАНҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІН HAIER
АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНАН КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАР АРҚЫЛЫ БІЛУГЕ БОЛАДЫ:
8-800-070-01-29
Қазақстандағы тұтынушылар үшін
(Қазақстан өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
Сайтта:
WWW.HAIERONLINE.KZ
Электрондық пошта арқылы сұрау салу:
SUPPORT-KZ@HAIERONLINE.KZ
АВТОРИЗАЦИЯЛАНҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ ӨЗГЕРТІЛУІ
МҮМКІН, АНЫҚТАМАЛАР АЛУ ҮШІН HAIER АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.
43
65/75 MiniLED M7