Қазақ тіліҚұрылғыны пайдалану алдында https://www.hihonor.com/global/support/ веб-сайтына кіріп, соңғы Қысқаша нұсқаулықты жүктеп алу және көру үшін іздеу ұяшығына құрылғы атын енгізіңіз.Құрылғының қуатын қосу үшін экран қосылғанша қуат түймесін басып тұрыңыз.Дыбыс деңгейі түймешігіҚуат түймесі/Саусақ ізі сенсорыUSB Type-C портыҚұлаққап ұяшығыКарта ұясы Құрылғыны орнату үшін келесі суреттердегі нұсқауларды орындаңыз.•4G қызметі желі операторының қолдауына және байланысты қызметтерінің орналасуына байланысты. 4G қызметін белсендіру үшін операторыңызға хабарласыңыз.•Желі кедергісіне байланысты белгілі бір аймақтарда 4G қызметі қолжетімсіз болуы мүмкін.Қауіпсіздік туралы ақпаратҚұрылғыны пайдалану алдында барлық қауіпсіздік туралы ақпаратты мұқият оқыңыз. Толық ақпарат алу үшін https://www.hihonor.com/global/support/ веб-сайтына кіріңіз.Пайдалану және қауіпсіздік• Есту қабілетінің ықтимал зақымдалуын болдырмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы тыңдамаңыз.•Қолайлы өнім температуралары: пайдалану үшін 0-35°C, сақтау үшін -20-+45°C. Қолайлы адаптер температуралары: пайдалану үшін -10-+45°C, сақтау үшін -40-+70°C. Ұсынылған деңгейлерден жоғары немесе төмен температуралар құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін.•Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен кардиостимулятор арасында ең аз 15 см қашықтық сақталғанын ұсынады. Егер кардиостимулятор пайдаланылса, құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы қалтаңызда тасымаңыз.•Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен ережелерді орындаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін көлік жүргізу барысында сымсыз құрылғыңызды пайдаланбаңыз.•Құрылғыны шаңды, дымқыл немесе лас орында не магниттік өріске жақын пайдалануға болмайды.•Зарядтау кезінде адаптер жақын розеткаға қосылуы керек әрі оңай қол жететін болуы керек. Мақұлданған қуат адаптерлері мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз.•Зарядтағышты пайдаланылмаған кезде электр розеткасынан және құрылғыдан ажыратыңыз.•Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті, мұнай базасы немесе химиялық зауыт) пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда пайдалану жарылу немесе өрт қаупін арттырады.•Батареяны өрттен, қатты ыстық көзінен және тік күн жарығынан алыс сақтаңыз. Оны жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп болуы мүмкін.•Өрт немесе электр тоғының соғу қаупін азайту үшін адаптерге немесе қосалқы құралдарға судың немесе ылғалдың әсерін тигізбеңіз. Адаптерді микротолқынды пеш, пеш немесе радиатор сияқты жылу көздеріне жақын қоймаңыз. Адаптерге немесе құрылғыға ылғалды қолдармен тимеңіз. Бұл қысқа тұйықталу, бұзылу немесе электр тоғының соғу жағдайларына әкелуі мүмкін. Адаптерді өздігіңізден бөлшектеуге немесе жөндеуге болмайды. Ақаулық анықталса, адаптерді қуат көзі мен құрылғыдан ажыратып, көмек алу үшін өкілетті сервистік орталыққа немесе дилерге хабарласыңыз.•Құрылғыңызды пайдалануыңыз медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.•Ауруханалар мен денсаулықты сақтау мекемелері орнатқан ережелерді немесе нормаларды ұстаныңыз.•Балаларға арналған барлық қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз. Адаптер мен оның сымы ойыншықтар емес. Кейбір адаптерлердің сымдары жұтып қою қаупін төндіреді. Оны балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Балалардың адаптерді немесе сымын аузына салуына рұқсат бермеңіз. Бұл адаптер мен сым балалардың пайдалануына арналмаған.•Батареяны өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз, батареяға зақым келтіріп, қызып кетуге, өртке және жарақатқа себеп болуы мүмкін. Құрылғыға кірістірілген батареяға Honor немесе өкілетті қызмет көрсетуші қызмет көрсетуі керек.•Жарылыс болуы мүмкін орта болып табылатын кез келген аумақта құрылғы қуатын өшіріңіз және барлық белгілер мен нұсқаулардың талаптарын орындаңыз.Қоқысқа лақтыру және қайта өңдеу туралы ақпарат Өнімдегі, қосалқы құралдардағы, батареядағы, оқулықтағы немесе бумадағы таңба өнімді, оның электрондық қосалқы құралдарын (оның ішінде адаптер/зарядтағыш, гарнитура және USB кабелі) және батареяларды қызмет мерзімі соңында жергілікті билік органдары белгілеген бөлек қоқыс жинау орындарына апару керектігін білдіреді. Бұл EEE қоқысының құнды материалдарды сақтайтын және адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғайтын жолмен өңделуін және қайта өңделуін қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе https://www.hihonor.com/ веб-сайтына кіріңіз.Қауіпті заттарды азайтуБұл құрылғы және оның электрлік керек-жарақтары ЕО REACH ережесі, RoHS және батареялар (қосылған жерде) директивасы сияқты электрлік және электрондық жабдықтағы белгілі бір қауіпті заттарды пайдалану шектеуіне қолданылатын жергілікті ережелерге сәйкес. REACH және RoHS туралы сәйкестік мәлімдемелерін алу үшін https://www.hihonor.com/global/legal/certification/ веб-сайтына кіріңіз.РЖ сәулелену туралы ақпарат10 грамм тінге 2,0 Вт/кг МСК лимитін қабылдаған елдерге арналған. Құрылғы құлағыңызға жақын не денеңізден 0,50 см қашықтықта қолданылған кезде құрылғы РЖ техникалық сипаттамаларына сәйкес келеді. МСК мәндері туралы мәліметтерді соңғы Қысқаша нұсқаулықтағы «РЖ сәулелену туралы ақпарат» бөлімінен қараңыз.ЕО регламенттеріне сәйкестікОсылайша, Honor Device Co., Ltd. компаниясы бұл VNE-LX1 құрылғының мына директиваға сәйкес екенін мәлімдейді: RED 2014/53/EU, RoHS 2011/65/EU, ErP 2009/125/EC. ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні, ErP туралы толық ақпарат және керек-жарақтар мен бағдарламалық құрал туралы ең соңғы ақпарат мына интернет мекенжайында қолжетімді: https://www.hihonor.com/global/legal/certification/.Құрылғы КО/ЕАЭО ТР-ға сəйкес— КО ТР 020/2011«Техникалық құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігі»;— ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы».Адаптерлер КО/ЕАЭО ТР-ға сəйкес— КО ТР 004/2011 «Төмен вольтты құрылғылар қауіпсіздігі жайлы»;— КО ТР 020/2011«Техникалық құралдардың электрлі магнит үйлесімдігі»;— ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы».ӨндірушіHonor Device Co., Ltd.Suite 3401, Unit A, Building 6, Shum Yip SkyPark, No. 8089, Hongli West Road, Xiangmihu Street, Futian District,Shenzhen, Guangdong, 518040, People's Republic of China.Honor Device Co., Ltd., Қытай Халық Республикасы, Гуандун провинциясы, Шэньчжэнь қаласы, Футянь ауданы, Сянмиху көшесі, Хунли-Батыс жолы, № 8089, Shenye Skypark, 6-ғимарат, 3401 люкс блогында орналасқан.ЕАЭО уәкілетті өкіліЖШС "Ай-Эф-Си-Джи Каз", Қазақстан, 050062, Алматы қаласы, Кабдолов көшесі, 16, корпус 1, офис 205/3 байланыс ақпараты: тел.: +7(727)310-99-00, эл. пошта: mail@ifcg.kzҚолдану мақсаты"HONOR" Смартфон сауда таңбасы, VNE-LX1 моделі. Құрылғы 2G, 3G, 4G, стандартының операторлық желілеріне қосылуға арналған, дауыс және деректерді тасымалдау үшін абоненттік терминалдық жабдық болып табылады, әртүрлі қосылым профильдерінің (Wi-Fi, Bluetooth және т.б.) қолдауымен.Сипаттамалары мен параметрлері2G / 3G / 4G LTE / WiFiЭлектрқуатымен қамтукөзі- Шығыс қуат параметрлері бар айнымалы ток қуат адаптерінен: номиналды кернеу: 5 В, максималды шығу тоғы: 2 А- батареядан (орташа): 5000 мА*сағб, батареядан (минималды): 4900 мА*сағЖинақтауСмартфон - 1 шт., адаптер - 1 шт., кабель USB Type-C - 1 шт., SIM картаны шығару құралы - 1 шт., пайдаланатын құжаттары. *Жеткізу көлемі сату еліне немесе аймағына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.Қуат адаптерін қосу нұсқасы:Адаптердің қуат шанышқысын сыртқы электр желесінің ~ 220 В айнымалы токпен розеткасына қосыңыз.Қуат адаптері: ЕАЭО-дағы уәкілетті өкілООО "ЭКСПОТЕСТ", Российская Федерация, 214000, Смоленская Область, г. Смоленск, ул. Маршала Жукова, д. 9 ОГРН:1116732011373. Информация для связи: тел.: +7 (792)03-12-58-13, эл. почта: corporate@expotest.ruАбоненттік өндірушісіHonor Device Co., Ltd.Suite 3401, Unit A, Building 6, Shum Yip SkyPark, No. 8089, Hongli West Road, Xiangmihu Street, Futian District,Shenzhen, Guangdong, 518040, People's Republic of China.Honor Device Co., Ltd., Қытай Халық Республикасы, Гуандун провинциясы, Шэньчжэнь қаласы, Футянь ауданы, Сянмиху көшесі, Хунли-Батыс жолы, № 8089, Shenye Skypark, 6-ғимарат, 3401 люкс блогында орналасқан.Авторлық құқық © Honor Device Co., Ltd. 2022. Барлық құқықтары қорғалған. (стр. 7 из 10)
Бренд: HONOR
Страница 7 документа 6.61" Смартфон HONOR X6c. Раздел: Смартфоны. Бренд: HONOR.