Инструкция ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

Страница 34 (стр. 34 из 68)

Бренд: ARISTON

Страница 34 документа ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: ARISTON.

Текст страницы

Сізді «Аристон Термо Групп» компаниясы шығарған электрлік су жылытқышты сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Осы
жабдық еуропалық сапа стандарттарына сәйкес жасалды және мәлімделген техникалық сипаттамаларға сай.
Су жылытқышты пайдалану оңай, жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие және ұзақ уақыт пайдалануға болады. Ол сіздің
көңіліңізден шығады деген үміттеміз.
Су жылытқышты дұрыс орнату және пайдалану үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1. Жеткізілім жинағы және тағайындалымы
1.1.1. Су жылытқыш
1.1.2. Сақтандырғыш клапаны
1.1.3. Тіреуіш
1.1.4. Орнату және пайдалану жөніндегі нұсқаулық
1.1.5. Кепілдік талоны
1.1.6. Зауыттық қаптама
Осы құрылғы ғимараттың ішіне, тұрмыстық және шаруашылық ғимараттарына орнату үшін жасалған және бірнеше
жерді (ванна, асүй, дәретхана) ыстық сумен қамту (ішуге арналмаған) және берілген температураны автоматты
режимде әрі қарай сақтап қалу мүмкіндігімен суды қайнау нүктесінен төмен температураға дейін қыздыруға
арналған. Судың қызу уақыты су жылытқыштың көлеміне және қыздырғыш элементінің қуаттылығына байланысты.
1.2. Негізгі элементтері
1.2.1. Ішкі багі
1.2.2. Жылудың минималды жоғалуын қамтамасыз ететін пенополиуретаннан жасалған жылу оқшаулағыш
1.2.3. Қыздырғыш элемент (ҚЭҚ)
1.2.4. Суды қыздырудың қажетті температурасын қоюға мүмкіндік беретін температураны реттегіш
1.2.5. Су жылытқыштың ішіндегі судың қызу температурасын бақылаушы термостат
1.2.6. Су жылытқыштың суық су кірісіне орнатылатын сақтандырғыш клапаны су жылытқышта су болмауы кезінде
судың суық сумен қамту магистраліне қайта ағып келуінің алдын алу және ішкі бакті шамадан тыс қысымнан қорғау
қызметін атқарады
1.2.7. Магнийлі анод ішкі бакті тоттанудан қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Модельдік қатары
30
SLIM
40
SLIM
50
SLIM
65
SLIM
80
SLIM
50
80
100
120
150

Эмаль
12
14
17
19
21
15
19
23
28
32

Сал
мағы
(кг)

Тот баспайты
н болат
9
11
12
14
16
12
15
17
20
25

Осы бұйым халықаралық нормаларына сай:
- Electrical safety standards IEC 60335-1 and IEC 60335-2-21.
- EMC Electro-Magnetic Compatibility: EN 55014-1, EN 55014-2, EN 61000-3-2, EN 61000-3-3.
Бүл жабдық Кедендік одақтың Техникалық регламентінің келесі талаптарына сәйкес келеді:
- ТР ТС 004/2011 «Төменвольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы».
- ТР ТС 020/2011 «Техникалық қүралдардың электромагниттік үйлесімділігі».
2. ОРНАТУ
Назар аударыңыз! Су жылытқышты монтаждау мен баптауды қолданыстағы қағидалар мен санитариялық-
гигиеналық нормаларға, сондай-ақ осы нұсқаулықта берілген талаптарға сәйкес білікті маман орындауға тиіс.
2.1. Су жылытқышты қабырғаға бекіту
2.1.1. Су жылытқышты тіреуіш пен ілгектердің көмегімен негізгі қабырғаға орнатады. Диаметрі кем дегенде 12 мм
ілгектерді қолданыңыз (жеткізу жинағына кірмейді).
Таңдаған моделіңізге қарай Сізге осындай 2 немесе 4 ілгек қажет болады.
2.1.2. Дайындалған бекіткіш су толтырылған су жылытқыштың үш еселік салмағын көтере алуы тиіс.
2.1.3. Жылу шығынын азайту үшін құрылғыны су бөлетін тораптан ең аз қашықтыққа орнату керек (A 1-сур).
2.1.4. Техникалық қызмет көрсету үшін құрылғының астынан 50 см-ден, төбеден – 10 см-ден кем емес бос кеңістік
қалдырыңыз.
2.1.5. Ілгектерді қабырғаға монтаждау оның үстінен су жылытқыш тіреуішінің өздігінен жылжып кетуіне жол
бермеуге тиіс. Орнатқаннан кейін міндетті түрде бекіткіштің мықтылығына көз жеткізіңіз.
2.1.6. Ыстық сумен қамту жүйесі бұзылған жағдайда тұлғалардың мүлкіне залал келтірудің алдын алу үшін су
жылытқышты едендерінің гидроизоляциясы мен кәріз жүйесінің дренажы бар ғимараттарда монтаждау керек, және
ешбір жағдайда судың әсеріне ұшырайтын заттарды су жылытқыштың астына қоюға болмайды.
2.1.7. Су жылытқышты қорғалмаған ғимараттарға орналастырғанда оның астына кәріз жүйесіне апаратын дренажы
бар қорғаныс тұғырығын орнату қажет.

34

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.