Инструкция ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

Страница 36 (стр. 36 из 68)

Бренд: ARISTON

Страница 36 документа ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: ARISTON.

Текст страницы

3. ҚОСУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ
3.1. Қолданысқа беру
3.1.1. Орталық сумен жабдықтау жүйесінің ыстық суын тоқтатыңыз. Су жылытқышты электр қуатын беру көзіне
қоспас бұрын бакті міндетті түрде суға толтырыңыз. Ол үшін араластырғыштағы ыстық судың шүмегін, сосын су
жылытқышқа суық су беру шүмегін ашыңыз.
3.1.2. Су жылытқыш толысымен араластырғыштан су ағады. Ернемектен су кетуін тексеріңіз. Қажет болғанда оны
орталықтандырыңыз және ернемектегі сомындарды тартыңыз.
3.1.3. Араластырғыштағы ыстық судың шүмегін жабыңыз.
3.1.4. Құрылғыны электр қуатының көзіне қосыңыз.
3.2. Температураны реттеу және құралдың атқарымын іске қосу
ON/OFF түймесінің көмегімен су жылытқышты қосыңыз (A 3 сур.). «+» және «-» түймелерінің көмегімен суды жылытудың
қалаған температурасын орнатыңыз. Баптаудың аралығы 40°С бастап 80°С дейінгі диапазонда болады. «+» және «-»
түймесін әркез басу температураны 10°С арттырады немесе азайтады.
Жылыту фазасында жылыған судың температурасына тиісті көрсеткіштер (1-5 3 сур.) үнемі жанып тұратын болады. Барлық
қалған көрсеткіштер (белгіленген температураға тиісті көрсеткішті қоса отырып) жыпылықтайтын болады.
Егер су жылытқышта судың температурасы төмендейтін болса, жылытудың үдерісі автоматты түрде басталады. Және
ағымдағы температураға сәйкес соңғы үнемі жанатын су жылытқыштағы көрсеткіштер мен белгіленген температураға
тиісті көрсеткіштің арасындағы көрсеткіш жыпылықтайтын болады.
Электр қуатымен кідіріс болған кезде немесе су жылытқыш өшкен кезде ON/OFF (A 3 сур.) түймесінің көмегімен жүйе
соңғы температуралық баптауды есінде сақтап қалады.
Жылытудың фазасы кезінде судың жылу үдерісінің нәтижесі сияқты жеңіл шудың пайда болуы мүмкін.

Жұмыстың стандартты режимі
Жұмыстың стандартты режимінде суды жылыту минималды қуаттылығымен жүзеге асырылады (максималдыдан 60%).

«FAST» режимі
«FAST» режимінде суды жылыту орташа қуаттылығымен жүзеге асырылады (максималдыдан 80%). Осы режимді қосу
және өшіру үшін «FAST» түймесіне басу қажет (B 3 сур.).

«BOOST» режимі
«BOOST» режимінде суды жылыту максималды қуаттылығымен жүзеге асырылады (максималдыдан 100%). Осы режимді
қосу және өшіру үшін «BOOST» түймесіне басу қажет (С 3 сур.).

«ECO EVO» атқарымы (Автоматты түрде үнемдеу)
«ECO EVO» атқарымы өзі оқытатын бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады, ол ыстық суды тұтынудың кестесін
есте сақтап қалады және уақыт өте Сіздің дағдыңызға сәйкес судың жылытылуын оңтайландырады.
«ECO EVO» бағдарламалық жасақтамасының жұмысы оқытудың бастапқы кезеңінен құралған, ол бір аптаға созылады, сол
кезде құрал суды пайдаланушы берген температураға дейін жылытады.
Екінші аптадан бастап бағдарламалық жасақтама бірінші аптаның ішінде құралмен анықталған нақты мұқтаждықтарына
сәйкес суды жылытуды реттейді. «ECO EVO» атқарымының жұмысының ең үлкен тиімділігіне оқытудың төрт аптасынан
кейін қол жеткізіледі.
«ECO EVO» атқарымын қосу үшін «+» және «-» түймелеріне біруақытта басыңыз. «ECO EVO» атқарымы жұмыс жасаған
кезінде суды жылытудың қолмен белгіленген температурасы өзгерген кезде, «ECO» көрсеткіші өшеді, тұтыну дағдысының
жазбасы тоқтайды және су жылытқыш таңдалынған режимде жұмыс істей бастайды, ал «ECO EVO» атқарымы іске
қосылмайды.
«ECO EVO» атқарымын қайтадан қосу үшін «+» және «-» түймелеріне біруақытта басыңыз және су жылытқыш ыстық суды
тұтынуды зерттеуін жалғастырады.
Жылытудың параметрлері туралы мәліметтерді жадыдан алып тастау үшін, 5 секунд бойы «+» және «-» түймелеріне
басыңыз және ұстап тұрыңыз. Қайта қосылғаннан кейін «ECO» түймесі жыпылықтайды, ал оқытудың үдерісі қайтадан
басталады.
«ECO EVO» атқарымының дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін су жылытқышты электр қуатының көзінен өшірмеуге кеңес
беріледі.

«Ыстықпен бактерицидті өңдеудің кезеңі» атқарымы (legionella бактерияларына қарсы)
«Ыстықпен бактерицидті өңдеудің кезеңі» атқарымы - бұл тиісті бактерияларға қарсы ыстықпен бактерицидті өңдеуге
арналған 1 сағаттың ішінде 60°C температурасы кезінде суды жылыту/ұстап тұрудың кезеңі.
Кезең өнімді алғаш рет қосу кезінде және электр қуаты өшкен кезде кейіннен әркез қосылғаннан кейін іске қосылады.
Егер су жылытқыш әрқашан 55°С температурасы кезінде жұмыс істейтін болса, кезең әр 30 күннен кейін қайталанады.
Әр кезең аяқталғаннан кейін температура пайдаланушымен алдыңғы берілген мәнге қайтады.
Жұмыс жасау кезінде «Ыстықпен бактерицидті өңдеудің кезеңі» атқарымы дисплейде 60°С температурасына дейін суды
жылытудың режимін орнату ретінде көрінеді.
«Ыстықпен санитарлық өңдеу кезеңі» атқарымын қосқан кезде 5 секундтың ішінде «FAST» және «BOOST» түймелерін
басыңыз және ұстап тұрыңыз; сонымен қатар, режимді іске қосуды растау үшін СИД 60°C (3 3 сур.) тез жыпылықтайтын
болады.
«Ыстықпен санитарлық өңдеу кезеңі» атқарымын өшірген кезде 5 секундтың ішінде «FAST» және «BOOST» түймелерін
басыңыз және ұстап тұрыңыз; сонымен қатар, режимді іске қосуды болдырмау үшін СИД 40°C (1 3 сур.) тез
жыпылықтайтын болады.

«Қатып қалуға қарсы» атқарым
«Қатып қалуға қарсы» атқарым су жылытқышты төмен температурамен туындаған зақымданудан қорғайды. Ол
су жылытқыштың ішіндегі температурасы 5°С төмен болған кезінде автоматты түрде іске қосылады және қауіпсіз
температураға жеткен кезде судың жылытуын өшіреді.
«Қатып қалуға қарсы» атқарымының жұмыс жасауы үшін су жылытқыш электр қуатының көзіне міндетті түрде қосылуы тиіс.

Қайта іске қосу/Диагностика
Жарамсыздық пайда болған кезде құрал сынуы туралы хабарландыру режиміне өтеді және бақылау панеліндегі барлық
көрсеткіштің шамдары бір уақытта жыпылықтайтын болады.

36

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.