Текст страницы
Диагностика: автодиагностика атқарымын іске қосу үшін 5 секундтың ішінде «ON/OFF» (А 3 сур.) және «FAST» (B 3 сур.)
түймелерін басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Жарамсыздық үлгісінің көрсеткіші келесі сызбаға сәйкес көрсеткішпен көрсетілетін болады (1-5 3 сур.):
СИД 60°C - NTC1/NTC2 температурасының үзілуі немесе қадағаның қысқа тұйықталуы;
СИД 70°C - Жылытатын элементтің жарамсыздығы (ТЭЖ);
СИД 80°C - Жеке қадағамен анықталған судың ысып кетуі;
СИД 50°C және 80°C – Энергияға тәуелді жадының қатесі;
СИД 60°C және 80°C - NFC модулімен байланыстың қатесі;
СИД 70°C және 80°C - Жалпы ысып кетуі;
СИД 50°C, 60°C және 70°C - NFC қатесі;
СИД 60°C, 70°C және 80°C - Судың болмауы.
Диагностика режимінен шығу үшін ON/OFF (А 3 сур.) түймесіне басыңыз немесе 25 секунд күтіңіз.
Іске қосу: ON/OFF түймесінің көмегімен су жылытқышты өшіріңіз және қайтадан қосыңыз (A 3 сур.). Қайта іске
қосқаннан кейін қате жоғалған кезде су жылытқыш жұмыстың қалыпты режиміне оралады.
Егер қате дисплейде қайта шығатын болса, жақын маңдағы авторландырылған сервистік орталыққа хабарласу қажет.
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Назар аударыңыз! Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
бойынша барлық жұмысты қауіпсіздік техникасының қағидаларын, сондай-ақ осы нұсқаулықта берілген
талаптарды сақтай отырып білікті маман орындауға тиіс.
4.1. Суды ағызу
Егер құрылғыны орнатқан жерде температураның 0°С-тан төмендеу ықтималдылығы болса, су жылытқыштағы суды
ағызып тастау керек.
4.1.1. Құрылғыны электр қуатынан ажыратыңыз.
4.1.2. Құрылғының ішіндегі судың температурасы қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз.
4.1.3. Су жылытқышқа суық су келетін жерді жабыңыз.
4.1.4. Бактің ішіндегі қысымды түсіру үшін араластырғыштағы ыстық су ағатын шүмекті ашыңыз.
4.1.5. Бакке ауа кіруі үшін су жылытқыштан ыстық су шығатын жерге (қызыл сақинамен белгіленген) орнатылған
үшайырдағы ілмекті шүмекті ашыңыз. Ол болмаған жағдайда су жылытқыштың аузындағы қосылыстарды демонтаждау
қажет.
4.1.6. Кәріз жүйесіне бағытталған дренаж шлангін су жылытқышқа суық су құйылатын жерге (көк сақинамен белгіленген)
орнатылған үшайырдағы ілмекті шүмекке жалғаңыз және оны ашыңыз.
Ол болмаған жағдайда дренаж шлангін су жылытқыштың аузына орнату керек.
4.1.7. Суды ағызғаннан кейін су жылытқыштың ішінде су қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су жылытқыштың ішіндегі судың қатып қалуы қайтымсыз өзгерістер мен ақауларға алып келеді.
Аталған жағдайда өндіруші өзінен барлық кепілдік міндеттемелерін алып тастайды.
4.2. Ішкі элементтерін ауыстыру
Жұмысты бастар алдында құралды электр қуатының көзінен ажыратыңыз және су жылытқыштан суды төгіңіз. Құралдың
қақпағын алып тастаңыз.
Электрондық термостатты ауыстыру үшін (T 3 сур.), қуаттау кабелін клеммалы қалыптан ажыратыңыз (М 3 сур.).
Дисплейдің тақтасын ауыстыру үшін (W 3 сур.) дисплейдің кабелін ажыратыңыз (Y 3 сур.).
Ысытатын элементті және магний анодын (автоклавты фланецті модельдер) ауыстыру үшін сомынды (D 4 сур.) бұрап
алыңыз, фланецтің қапсырмасын алып тастаңыз (S 4 сур.) және фланецті (F 4 сур.) ішіне енгізіңіз. Осінің айналасында бұрай
отырып, фланецті шығарыңыз.
Жылытатын элементті және магний анодын (5 бұрандамадағы фланецті модельдер) ауыстыру үшін 5 сомынды бұрап
алыңыз (С 4 сур.) және фланецті алып тастаңыз (F 4 сур.).
Ауыстырып болған соң барлық компоненттердің өздерінің штатты орындарына орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
Фланецтің төсемесін әр қайта жинаған кезде ауыстыруға кеңес беріледі.
Жөндеу немесе қызмет көрсету жөніндегі кез-келген операцияларды жүргізер алдында құралды электр
желісінен ажыратыңыз.
Тек өндіруші зауытпен шығарылған қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
4.3. Тұрақты қызмет көрсету
4.3.1. Магнийлік анод
Магнийлік анод су сыйымдылығы мен қыздырғыш элементін (ҚЭҚ) тоттанудан қорғау жүйесінің
ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Магнийлік анодтың күйін ЖЫЛ САЙЫН тексеріп тұру
қажет. Қатты тозған жағдайда магнийлік анодты ауыстыру қажет. Магнийлік анод тозып кеткен
жағдайда (қалдық көлемі бастапқысының 30%-нан аз) су сыйымдылығы мен қыздырғыш элементінің
кепілдігі жарамсыз. Магнийлік анодты (тот баспайтын болаттан жасалған су сыйымдылығы бар су
жылытқыштарды қоспағанда) 24 айда кем дегенде 1 мәрте ауыстырып тұру қажет.
Магнийлік анод шығыс материалы болып табылады және кепілдік бойынша ауыстырылмайды.
4.3.2. Сақтандырғыш клапан
Сақтандырғыш клапан суық су магистралінде су болмаған жағдайда су жылытқыштағы судың
қайтуының алдын алады; қызу нәтижесінде су көлемі артуынан ішкі бакта орын алатын артық
қысымды суық су магистраліне және/немесе сақтандырғыш клапанның дренаждық саңылауы
арқылы түсіреді (ішкі бак пен суық су магистраліндегі қысымның бір атмосферадан жоғары
болатын айырмасында). Сақтандырғыш клапанның (артық қысымнан қорғау құрылғысы)
бұғатталған немесе зақымдалған болмауын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Қажет жағдайда
оны айырбастаңыз немесе әктің қағын кетіріңіз.
Егер сақтандырғыш клапанның иінтірегі болса, оны көтеріп, клапанның ақаусыз жұмыс істеп
тұрғанын тексеруге пайдалануға болады.
Қыздыру тәртібінде сақтандырғыш клапанның дренаждық саңылауынан су тамшысы пайда болуы мүмкін.
Бұл судың қызу барысында жылып, ұлғаюымен байланысты табиғи процесс болып табылады. Сақтандырғыш
клапанның дренаждық саңылауын кәріз жүйесімен жалғауға кеңес беріледі.
Су құбыры желісінің 5 бардан жоғары қысымында сақтандырғыш клапанның алдына су қысымының редукторын орнату қажет.
37