Текст страницы
1
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік техникасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр тоғымен жарақаттану қаупі.
Осы нұсқауларды орындамау электр тогымен жарақаттану немесе
ауыр жарақат алу қаупін арттыруы ықтимал.
• Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу алдында үнемі
аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Бұл талапты сақтамау
электр тогымен жарақаттану, өрт шығу немесе жарақаттарға
әкелуі мүмкін.
• Кабель немесе ашаны суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
• Қуат беру ашасына немесе электрлік компоненттерге, сондай-ақ
қуат ажыратқышына ешқашан дымқыл қол тигізбеңіз.
• Тазалау барысында қозғалтқыш, қосқыш және ағытпалар сияқты
электрлік компоненттерге ылғалдың түсуіне жол бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Салмақпен байланысты қауіп.
Бұл нұсқауларды сақтамау жарақат алуға алып келуі мүмкін.
• Бұл аспап ауыр. Жарақаттанудың алдын алу үшін аспапты орнату
кезінде мұқият болу керек.
• Аспапты сенімді бетке, мысалы берік қабырға, тұғыр, бөрене
немесе фермаға қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Кесіп алу қаупі.
Сақтық шараларын сақтамау жарақат алуға алып келуі мүмкін.
• Мұқият болыңыз: кейбір жиектері өткір.
• Өткір жиектерінен қорғану үшін қолғап киіңіз.
4