Текст страницы
Қауіпсіздік техникасы бойынша маңызды нұсқаулар
1
Бұл аспапты пайдаланған кезде әрқашан негізгі сақтық шараларын сақтаңыз, атап
айтқанда:
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
!
• Аспапты тазалау немесе тексеру кезінде электр қуат беру көзін өшіріңіз.
• Қуат беру кабеліне зақым келтірмеңіз және оған ауыр заттарды қоймаңыз.
• Қуат беру кабелі зақымдалған жағдайда оны ауыстыруды өндіруші, қызмет
көрсетуші ұйым немесе жеткілікті біліктілігі бар тұлғалар орындауы тиіс. Әйтпесе,
электр тогымен зақымдану немесе аспаптың бүліну қаупі бар.
• Ас үй сорғышы газбен немесе басқа отынмен жұмыс істейтін аспаптармен бір
мезгілде пайдаланылса, орынжайда жеткілікті желдету қамтамасыз етілуі керек.
(Орынжайдағы ішінара сирету ауадағы газдың тым жоғары концентрациясына
әкелуі мүмкін).
• Ауа сорғышын ешқашан кастрөлмен немесе табамен жабылмаған қыздырғыштың
немесе қыздыру элементінің әсеріне ұшыратпаңыз.
• Аспап физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі
не болмаса білімі жеткіліксіз адамдардың (балаларды қоса алғанда), егер олар
бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адам аспапты
пайдалану туралы нұсқау бермеген жағдайда пайдалануына арналмаған.
• Балалар аспаппен ойнамау үшін оларды қадағалау керек. Балалар тазалауды
және техникалық қызмет көрсетуді қадағалаусыз жүргізбеуі керек.
• Тазалау әдісі мен жиілігі туралы толық ақпаратты міндетті түрде оқып шығыңыз.
• Аспапты тазалау жөніндегі нұсқауларды сақтамау тұтануға әкелуі мүмкін.
• Қуырылып жатқан тағамдарды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз, себебі май
қызып кетуі және өртенуі мүмкін.
• Пайдаланылған майды қолданған жағдайда тұтану қаупі одан да жоғары.
• Сорғыштың астына от жақпаңыз.
• Еш уақытта ауа сорғышын сүзгілер орнатылмаған жағдайда пайдаланбаңыз.
• АБАЙЛАҢЫЗ: ас үй аспаптарымен жұмыс барысында қолжетімді бөліктері қызып
кетуі мүмкін.
• Қолданар алдында барлық қаптаманы, соның ішінде қорғаныш үлдірді алып
тастаңыз.
• Техникалық қызмет көрсетуден немесе тазалаудан бұрын ашаны розеткадан
алыңыз немесе аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
• Электрстатикалық разряд кезінде (мысалы, найзағай түскен жағдайда) ас үй ауа
сорғышы жұмысын тоқтатуы мүмкін. Ауа сорғыштың электр қуатын ажыратыңыз
және оны бір минуттан кейін қайта қосыңыз.
• Ешқашан абразивті немесе майлы тазартқыш құралдарды қолданбаңыз.
• Сорғыштың ішкі бөлігін тазалауға болмайды. Егер сізге ішін тазалау қажет болса,
Haier компаниясының оқытылған және уәкілетті техникалық қызмет көрсету
маманына хабарласыңыз.
• Аспап тек орынжай ішінде және тұрмыста ғана қолдануға арналған.
5