Текст страницы
38
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімдерді өңдеу кезінде
қондырма-блендері (1) бар моторлық блокты (2)
тігінен ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қондырама-блендерді (1),
моторлық блокты (2), редуктор-қақпақты (8), бұлға-
уыш қондырмасының редукторын (6), қуаттандыру
бауын және қуаттандыру бауының ашасын суға
немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға батыруға
тыйым салынады.
ҚОНДЫРАМА-БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Қондырма-блендермен (1) үздіксіз жұмыс істеу
уақыты 60 секундтан аспауы тиіс. Жұмыс
циклдерінің арасында кемінде 3 минут үзіліс
жасаңыз.
• Қондырма-блендерді (1) тұздықтар, майонез,
жеміс пюресі, балалар қоспаларын дайындау
үшін, әр түрлі ингредиенттерді араластыру үшін,
жеткілікті мөлшерде шырыны бар жемістер мен
көкөністерді өңдеу үшін пайдаланыңыз.
Қондырма-блендерді (1) орнату алдында қуат-
тандыру бауының ашасы электр розеткасына
салынбағанына көз жеткзіңіз.
• Қосу үшін батырманы (4) басыңыз және ұстап
тұрыңыз. Бұл жұмыс режимін сұйық өнімдерді
араластыру үшін пайдаланыңыз.
• Батырманы (4) басқанда және ұстап тұрғанда, Сіз
реттегішті (5) бұрап қондырманың айналу жыл-
дамдығын реттей аласыз. Осы жұмыс режимін
сұйық және қатты өнімдерді өңдеу үшін пайдала-
ныңыз.
• Максималды жылдамдық режимінде жұмыс істеу
үшін батырмасын (3) «TURBO» басыңыз және
ұстап тұрыңыз.
• Ескертпе:
-
өнімдер сыйымдылыққа құрылғы іске
қосылғанға дейін салынады. Өндірілетін өнім-
дердің көлемі оларды өңдейтін сыйымдылық
көлемінің 2/3 бөлігінен аспауы керек.
-
ұсақтау және араластыру алдында жемістерді
қабығынан, сүйектер сияқты жеуге жарам-
сыз бөліктерден тазарту қажет, жемістерді
15×15×15 мм өлшемдегі текшелерге кесіп,
оларды сыйымдылыққа салып, содан кейін
шырын немесе су қосу қажет, өнімдердің мак-
сималды көлемі 350 г және 250 мл су немесе
шырыннан аспауы тиіс.
-
мұздатылған өнімдерді ұсақтауға немесе ара-
ластыруға тыйым салынады.
• Қондырма-блендерді (1) моторлық блокқа (2)
салыңыз және оны сағат тіліне қарсы тірелгенге
дейін бұраңыз, қондырманың сенімді бекітілгеніне
көз жеткізіңіз (сур.1).
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
• Қондырма-блендерді (1) сіздің ұсақтағыңыз/арала-
стырғыңыз келген өнім салынған сыйымдылыққа
салыңыз, өнімдерді стақанға (11) салуға болады.