Текст страницы
39
KZ
• Қондырма етті, сырды, пиязды, шөптерді, сарым-
сақты, сәбізді, грек жаңғағын, қара өрікті, жемістер
немесе көкеністерді ұсақтау үшін қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатты көкөністерді ұсақтаған
кезде, мысалы, сәбізді 15×15×15 мм ұсақ бөліктерге
кесіңіз және оларды стақанға (11) салыңыз, бұл
ретте сәбіз салмағы 250 г аспауы тиіс, және 350 мл
су қосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өте қатты өнімдерді, яғни
жұпар жаңғағы, кофе дәндері, дақылдар, сондай-ақ
мұз және мұздатылған өнімдер сияқтыларды ұсақта-
уға тыйым салынады.
ҰСАҚТАУ АЛДЫНДА ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ:
• Еттің сүйектерін, сіңірлерін және шеміршектерін
және майларын алып тастаңыз.
• Етті, сырды, пиязды, жемістерді және көкеністерді
шамамен 60х20х20 мм кесектерге тураңыз. Еттің
максималды салмағы 200 грамнан аспауға тиіс.
• Шөптердің сабағын алып тастаңыз, жаңғақтарды
қабығынан тазартыңыз.
ҰСАҚТАУ
Ұсақтағышты жинастыру алдында желі бауының
ашасы электр розеткасына қосылмағандығына
көз жеткізіңіз.
• Қондырма-блендердің (1) айналуын өшіру үшін
батырмасын (3 немесе 4) босатыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін желі
бауының ашасын электр розеткасынан шыға-
рыңыз және оны сағат тілі бағытына қарай бұрып,
блендер-қондырмасын (1) ажыратыңыз.
• НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
-
Жұмыс кезінде қондырма-блендерді (1) шешіп
алуға тыйым салынады.
-
Қондырма-блендер (1) пышақтарының
зақымдануын болдырмау үшін жарма, күріш,
кофе дәндері, ірімшіктің қатты сұрыптарын,
мұздатылған өнімдерді және т. б. осы сияқты
өте қатты өнімдерді өңдеуге тыйым салынады.
-
Егер қондырма-блендермен (1) жұмыс кезінде
өнімдерді ұсақтауда қиындықтар туындаса,
судың, шырынның, қайнатпаның және т. б.
аздаған мөлшерін қосу қажет.
ҰСАҚТАҒЫШТЫ ҚОЛДАНУ
• Ұнтақтағыш сыйымдылығын (9) тегіс және тұрақты
бетке орнатыңыз.
• Ұсақтағыш-пышақты (10) сыйымдылық (9) ішіндегі
білікке орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ұсақтағыш-пышақтың (10)
жүзі өте өткір! Ұсақтағыш-пышақты (10) әрқашан
пластмассалы ілмегінен ұстаңыз.
Ұсақтағыш қондырмамен үздіксіз жұмыс
үзақтығы 30 секундтан аспауы керек. Жұмыс
циклдарының арасында кемінде 3 минут үзіліс
жасаңыз.
• Өнімдерді сыйымдылыққа (9) салыңыз.