Текст страницы
ҚОЛДАНБАНЫҢ ҚОСЫМША
ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. Аспапқа қолжетімділік құқықтарын бақылау: құқықтарды бақылауды іске қосу үшін
Сізге қолданбадағы құрылғы бетіне өтіп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы параметр
таңбасын
(«жұлдызша»)
басып,
«Құқықтарды
бақылау»
тармағын
таңдап,
«Құқықтарды бақылауды қосу» ажыратқышын «Қосылған» күйге ауыстыру керек.
Осыдан кейін Сіз автоматты түрде оған толық қолжетімділік құқығы бар құрылғы
әкімшісі боласыз, барлық басқа пайдаланушылар «Қарап шығу» кіру деңгейіне ие
болады. Сіз әр пайдаланушы үшін жеке кіру деңгейін анықтай аласыз. Құрылғыны
басқару функциясын іске қосқаннан кейін құрылғыға қосылатын барлық жаңа
пайдаланушылар «Қарап шығу» кіру деңгейіне ие болады және құрылғыны Сіз
немесе аспаптың басқа әкімшісі осы пайдаланушыға тиісті басқару құқығын бергенге
дейін басқара алмайды.
2. Құрылғымен бөлісу мүмкіндігі: Сіз өзіңіздің құрылғыңызды басқаруды Polaris IQ
Home қолданбасы орнатылған кез келген адаммен жай ғана бөлісе аласыз. Бұл үшін
Сізге қолданбадағы құрылғы бетіне кіріп, оң жақ жоғарғы бұрыштағы баптау
символына («жұлдызша») басу, «Құқытарды бақылау» тармағын таңдау және оң жақ
жоғарғы бұрыштағы «Бөлісу» символына басу қажет. Осындан кейін Сіз экранда осы
құрылғының QR кодын көресіз. Қабылдайтын тарап осы QR кодты сканерлеуі үшін, ол
қолданбаның басты экранында «Жаңа құрылғы» түймесін басу керек және шыққан
терезеде оң жақ жоғарғы бұрыштағы сканер пиктограммасына басу қажет.
1
«Құқықтарды бақылау»
Құқықтарды бақылау
сөндіргішін «Қосылған»
тармағын таңдаңыз
Баптауларға
қолжетмдік алу үшін
«Баптаулар» басыңыз
күйге ауыстырыңыз
55