Текст страницы
1 1 Қауіпсіздік техникасы қағидалары
Бұл құрылғыны орнату немесе пайдалану алдында осы нұсқаулықпен мұқият
танысыңыз. Осы нұсқаулықта құрылғыны барынша тиімді пайдалануға, оны
қауіпсіз және дұрыс орнатуға және оған қызмет көрсетуге көмектесетін
маңызды ақпарат бар.
ЕСКЕРТУ!
Электр тоғымен жарақаттану қаупі.
Ыдыс жуатын машинаны орнату алдында сақтандырғышты суырыңыз
немесе үйдің электр желісіндегі автоматты сөндіргішті тұйықтаудан
босатыңыз. Машина міндетті түрде жерге тұйықталуы керек.
Ақаулық немесе істен шыққан жағдайда жерге тұйықтау электр тоғымен
жарақаттану қаупін азайтады, электр тоғы үшін ең төмен кедергі жолын
қамтамасыз етеді. Ыдыс жуатын машина жерге тұйықталған контактісі
бар шнур және ашамен жабдықталған. Ашаны жергілікті нормативтер
және ережелерге сәйкес орнатылған және жалғанған, жерге тұйықталған
розеткаға жалғау керек.
ЕСКЕРТУ!
Жерге тұйықтайтын сымды дұрыс қоспау электр тогының соғуына
әкелуі мүмкін. Егер құралдың дұрыс жерге тұйықталғанына
күмәнданатын болсаңыз, кәсіби электрик немесе сервистік
орталықтың өкіліне жүгініңіз.
Ыдыс жуатын машинамен бірге жеткізілетін қуат ашасын алмастырмаңыз.
Егер ол розеткаға сәйкес келмесе, жарайтын розетканы орнату үшін
білікті электрикке жүгініңіз.
Ұзартқыш, өткізгіш немесе бірнеше розеткалары бар блокты пайдалануға
болмайды.
Бұл кеңесті сақтамау электр тогы соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
кесу қаупі
Абай болыңыз, панельдің шеттері өткір.
Ескертуді елемеу жарақаттануға не кесіп алуға әкелуі мүмкін.
ҚауіПсізДік тЕхникасы ҚағиДаЛары
KZ
5