Текст страницы
1
Техникалық қызмет көрсету барысындағы қауіпсіздік
нұсқаулары.
y
Тазалау және техникалық қызмет көрсету алдында ыдыс жуатын машинаны
желіден ажыратыңыз.
y
Құрылғыны ажыратқан кезде, оларға зақым келтірмеу үшін қуат сымынан немесе
сымның қосылатын жерінен емес, ашадан ұстап тарту керек.
y
Ыдыс жуатын машинаны өз бетіңізше жөндемеңіз немесе бөлшектерін
ауыстырмаңыз және нұсқаулықта көрсетілмеген жағдайда қандай да бір
техникалық қызмет көрсетпеңіз.
y
Ыдыс жуатын машинаның айналасындағы еден тайып кетпеу үшін таза және
құрғақ болуы керек.
y
Мамық, қағаз, шүберек және химикаттар сияқты жанғыш материалдардың ыдыс
жуатын машинаның айналасына/астына жиналуына жол бермеңіз.
Пайдалану барысындағы қауіпсіздік техникасы
нұсқаулары.
ҚауіПсізДік тЕхникасы ҚағиДаЛары
y
Егер ыдыс жуатын машина жұмыс істеп тұрса, есігін ашу кезінде мұқият болу
керек. Керісінше жағдайда, ыстық су сізге шашырап кетуі мүмкін. Бүріккіштердің
айналуы тоқтағанға дейін есікті толықтай ашуға болмайды.
y
Есікке сүрініп кету мүмкін болғандықтан, оны ашық қалдыруға болмайды.
y
Ыдыс жуатын машинаның ішіндегі су ішу үшін жарамсыз.
y
Ыдыс жуатын машина орнатылған жалпақ сүзгімен, ағызу сүзгісімен және
бүріккішпен (бүріккіштермен) қолданылуы керек. Бұл бөлшектермен толығырақ
«Күтім және тазалау» бөліміндегі суреттерден танысуға болады.
y
Ыдыс жуатын машина бүлінген, ақаулы немесе жартылай бөлшектелген немесе
қандай да бір бөлшектері болмаған немесе сынған жағдайда: мысалы, қуат беру
шнуры немесе ашасы ақаулы болғанда, оны пайдалануға болмайды.
y
Тұрмыстық техника балалардың ойнауына арналмаған. 8 жасқа дейінгі балаларға
аталған электрлік құралдың жанында тек ересектердің қадағалауымен ғана
тұруға рұқсат етіледі. Бұл машинаны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ дене,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдар, егер олар қадағалауда болса немесе машинаны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар берілсе және олар ықтимал қауіптерді түсінсе,
пайдалана алады.
y
Балаларға қадағалаусыз құрылғыны тазалауға және техникалық қызмет көрсетуге
рұқсат етілмейді.
y
Балалардың ыдыс жуатын машинаның ішінде, онымен немесе басқа кез келген
кәдеге жаратылған құралмен ойнауға рұқсат бермеңіз.
y
Ыдыс жуатын машинаны тазалауға арналған құралды пайдаланғанда машинаның
істен шығуының алдын алу үшін жуғыш құралмен жуу бағдарламасын бірден іске
қосуды ұсынамыз.
y
Ыдыс жуатын машина әдеттегі үй ыдыстарын жуу үшін арналған. Бензин,
бояу, болат немесе темір қоқыспен, агрессивті, қышқылды немесе сілтілі
химикаттармен ластанған заттарды ыдыс жуатын машинада жууға болмайды.
y
Ыдыс жуатын машина ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда, оған су және
электр беруді тоқтату керек.
KZ
7