Текст страницы
KZ
ПІСІРУ БЕТІН ПАЙДАЛАНУ
1. Қызып кетпеуі үшін, кәстрөлдер мен табаларды тұтқалары
конфорканың үстінде тұрмайтындай етіп орналастырыңыз.
2. Кәстрөлдер мен табаларға азық-түліктің қажетті көлемі
салыңыз. Осылайша, сіз астың тасып кетуінің алдын аласыз және
қажетсіз тазартумен айналыспайсыз.
3. Нық тұрмайтын және пісіру панеліне аударылып қалуы мүмкін
ыдысты пайдаланбаңыз.
4. Конфоркалары қосулы тұрған пісіру панелінің үстіне бос
кәстрөлдер мен табаларды қоймаңыз.
5. Әр жолы пайдаланып болған соң, пісіру панелін сөндіріңіз.
6. Темепратура әсер етуі мүмкін контейнерлерді қоймаңыз.
7. Үстіне кәстрөл немесе таба қойылмаған күйде пісіру панелін
пайдаланбаңыз.
8. Кәстрөлдер мен табалардың қақпақтарын пісіру панеліне
қоймаңыз.
9.
Кәстрөлді басқа конфоркаға қойғыңыз келгенде, оны
жылжытпаңыз, көтеріп, орынын ауыстырыңыз.
10. Майды қыздырған кезде, ыдысты қақпақпен жабыңыз.
11. Кәстрөлге оның өз көлемінің үштен бір бөлігінен асатын
мөлшерде май құймаңыз. Май қызып жатқанда кәстрөлді
қараусыз қалдырмаңыз. Шамадан тыс қызып кеткен май өртке
себеп болуы мүмкін.
12.
Тек түбі өңделген кәстрөлдер мен табаларды ғана
пайдаланыңыз. Үшкір жиектері пісіру панелін сырып тастайы.
13.
Алюминий кәстрөлдер мен табаларды пайдаланбаңыз.
Алюминий пісіру панелінің бетіне зақым келтіреді.
Түбі ойық немесе
дөңес ыдыстарды
пайдаланбаңыз
Тек түбі жалпақ
кәстрөлдер мен
табаларды ғана
пайдаланыңыз
Сұйықтықтың
тасып кетуі пісіру
панелінің бетіне
зақым келтіруі
және өрт туды-
руы мүмкін
Егер кәстрөлдің
диаметрі конфор-
каның диаметрі-
нен кем болса,
бұл қуатты
жоғалтуға себеп
болады
62