Текст страницы
KZ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ
Техникалық қызмет көрсету немесе тазарту алдында, пісіру
бетіне электр қуатын жетізіп тұрған штепсельдік айырды резеткеден
суырып алыңыз. Егер панель ыстық болса, оның суығанын күтіңіз.
1. Пісіру бетін мезгіл-мезгіл тазалап және техникалық қызмет
көрсетіп тұрыңыз.
2. Панельді тазарту үшін қатты қылшақ, сымды губка немесе
пышақ сияқты қатты заттарды пайдаланбаңыз. Абразивті заттарды,
қышқылдарды немесе күйдіргіш жуу құралдарын пайдаланбаңыз.
3. Сабынды ерітіндіге батырылған майлықпен панельді сүртіңіз
және сумен шайыңыз, содан соң мұқият құрғатып сүртіңіз.
4. Шыны беттерді шыны тазартуға арналған арнайы құралдармен
тазалаңыз.
5. Панельді бутазалағышпен тазаламаңыз.
6. Панельді тазалау үшін ешқашан қышқылдарды, еріткіштерді,
керосинді және басқа да жанғыш заттарды пайдаланбаңыз.
7. Плитаның пластик және алюминий бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
8. Плитаны бетіне төгілген лимон қышқылынан, сірке судан,
тұздан, коладан және басқа да қышқылды және сілтілі заттардан
мейілінше тез тазалаңыз.
АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Техникалы қызметке жүгінер алдында, ақауларды жою бойынша
келесі ұсыныстарды пайдаланып көріңіз.
Егер пісіру бету қосылмаса:
1. Электр сымның штепсельдік айыры резеткеге енгізілгендігін
тексеріңіз.
- Қауіпсіз әдістермен желіде электр тоғы барын тексеріңіз.
- Сақтандырғыштарды тексеріңіз.
- Электр сымында зақымданулардың болуын тексеріңіз.
63