Текст страницы
үздіксіздігін тексеруін сұраңыз. Өндіруші жерге тұйықтаудың дұрыс қосылмауынан болған
қандай да бір жазатайым уақиғалар немесе басқа да проблемалар үшін жауап бермейді.
ЕСКЕРТПЕ. Пешке қызмет көрсету қажет болуының ықтималдығы себепті, қабырғада тағы
да бір розетканың болғаны дұрыс, егер пешті басқа орынға ауыстыру қажет болса пешті
соған қосуға болады. Электр кабелін ауыстыруды тек техникалық қызмет көрсету жөніндегі
мамандар не сәйкесінше біліктілікке ие басқа техникалық мамандар ғана жүзеге асыра алады.
Кеңестер
Пешті әрбір пайдаланудан кейін аздап тазартып алып отыру оны барынша таза ұстауға
мүмкіндік береді.
Пештің қабырлағаларына алюминилі қабыршық қағазды немесе дүкендерде ұсынылатын
басқа да бір рет пайдаланатын жабындарды салмаңыз. Алюминилі қабыршық қағаз, кез келген
басқа да қорғаныш заты, эмальдалған ыстық бетке тікелей жанасқан кезде балқып кетуі
мүмкін, бұл осы беттің пайдалану қасиетінің нашарлауына алып келеді. Пешіңіздің шамадан
тыс қызып кетуіне және тамақты дайындаудың уақытында ластануынан пайда болатын түтіннің
иісінің шығуына жол бермеу үшін біз оны өте жоғары температураларда жиі пайдаланбауға
кеңес береміз. Одан да температураны аздап азайтып және тамақ дайындаудың уақытын
ұзартқан дұрыс. Пешпен бірге жеткізілетін қосымша керек-жарақтардан өзге, біз жоғарры
температуралардың әсеріне төзімді ыдыс пен пісіруге арналған қалыптарды ғана пайдалануға
кеңес береміз.
Орнату
Орнату өндірушінің міндетіне кірмейді. Дұрыс орнатылмауына байланысты орын алған
қателерді түзету үшін өндірушінің көмегі қажет болған жағдайда, бұндай көмектің кепілдікті
міндеттемелерге кірмейтірнін ескеру қажет. Білікті мамандарға арналған, орнату жөніндегі
нұсқаулықтың барлық талаптарын орындау қажет. Дұрыс орнатпау зиян келуіне немесе
адамдар мен жануарлардың жарақат алуына немесе материалдық құнджлықтардың бүлінуіне
себеп болуы мүмкін. Өндіруші бұндай бүлінулер үшін жауап бермейді.
Пеш соған орнатылатын асүйлік жабдықтың жиынтығы кем дегенде 70°C температураға
шыдайтын материалдан жасалған болуы керек.
Пешті биік тіреуге немесе үстелдің үстіңгі тақтайының астына орнатуға болады. Пешті бекітудің
алдында сіз бұл орында пешті салқындату және оның ішкі бөліктерін қорғау үшін талап етілетін
ауаның тиісті түрде айналуын қамтамасыз ететін жақсы желдетудің бар екеніне көз жеткізіп
алуыңыз керек. Бекітудің түріне қарай соңғы бетте көрсетілген сәйкесінше тесіктерді жасаңыз.
Сәйкестік туралы мағлұмдама
Өнім Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының техникалық
регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
Сәйкестік сертификаты № ЕАЭС RU С-CN.АЯ46.В.34392/24 26.04.2024 бастап
25.04.2029 дейін әрекет етеді. Сәйкестік туралы декларация № ЕАЭС N RU Д-
CN.РА01.В.71268/24 05.02.2024 бастап 04.02.2029 дейін әрекет етеді.
Толығырақ мәліметтер берілген сәйкестік сертификаттарының және Еуразиялық экономикалық
одақтың сәйкестік туралы тіркелген декларацияларының бірыңғай тізілімінде көрсетілген.
KZ 24