Текст страницы
3.2 Дайындау тəртіптері
Функцияның
белгісі
T °C
әдепкі
Модельге сәйкес фунциялар
T °C
ауқымы
Жарықтануды қосады
200
50 ÷ MAX
SUPER GRILL: гратин, қуырылған ет, гриль ет, балық, көкөністер. Бұл функция грильге
қарағанда күшті болғаны сонша, оның көмегімен барбекю әзірлеуге де болады.
Бұл функцияны таңдасаңыз, бастау/тоқтату уақытын көрсетіп кідіртілген бастауды
орнату мүмкін емес
200
50 ÷ MAX
ГРИЛЬ: есігін жауып грильді пайдаланыңыз. Жоғарғы қыздырғыш элемент жеке
пайдаланылады, және сіз температураны реттей аласыз. Қыздырғыш элементтерді
қып-қызыл болғанша қыздыру үшін пешті алдын ала бес минут қыздыру керек. Бұл
қызметі рашпердегі тағамдарды, кебабтарды және қабығымен пісірілетін тағамдарды
сәтті дайындауға кепілдік береді. Ақ етті грильден алысырақ орналастырған дұрыс;
дайындаудың уақыты артады, есесіне ет дәмді болады. Сіз қызыл етті және балықтың
жон етін, сұйығы ағу үшін астынан поддонды қойып, сөреге салуыңызға болады.
Гриль функциясы 200 ° С максималды температурада пайдаланылуы тиіс
200
50 ÷ MAX
БЕТІН ҚЫЗАРТУ: Бұл режим қытырлақ қыртысы бар тағамдарды дайындауға мүмкіндік
береді. Тамшылар мен шырынды жинау үшін тағам салынған науаны тордың астына
қойыңыз.
*
150 - 200
50 ÷ MAX
ДӘСТҮРЛІ: Жоғарғы және төменгі қыздыру бөлшектері қолданылады. Алды ала
духовканы қыздырыңыз, шамамен 10 минуттай уақыт. Режим дәстүрлі қуыру және
пісіру үшін өте тиімді. Сиыр еті, бұзау еті және шошқа етін қуырғанға, ростбиф, қойдың
аяғын, жабайы құс етін, нан, фольгаға оралған тағамдарды, қаптама қамырдан
жасалған тағамдарды дайындағанға өте қолайлы. Тағамды духовканың ішіне ортаңғы
деңгейіне қойыңыз.
170 - 230
50 ÷ MAX
ТҮПТІҢ ҚЫЗДЫРЫЛУЫ + ЖЕЛДЕТКІШ: Төменгі қыздыру элементі конвекциямен бірге
қолданылады, ол духовканың ішіндегі ауаның айналымын қамтамасыз етеді. Бұл
режим қаптама қамырдан жасалған тағамдар, тарталет және паштеттер әзірлеуге өте
ыңғайлы. Кеуіп кетуден сақтайды және бәліш, нан және басқа да төменгі деңгейде
әзірленетін тағамдардың көтерілуіне ықпал жасайды. Тағамды төменгі деңгейге
орналастырыңыз.
50 ÷ MAX
ЖІБІТУ: Бұл режим орнатылған кезде мұздалған өнімдердің сапасына зиян келтірмей
олардың құрамын өзгертпей бірнеше минуттың ішінде еріту мақсатында бөлмелік
температурада вентилятор іштегі ауаны айналдырады.
180 - 200
50 ÷ MAX
КОНВЕКЦИЯЛЫҚ : Бұл функция желдеткіштің жоғарғы және төменгі қыздыру
элементтерімен бірге пайдаланылуының арқасында жылуды жақсы таратады. Нан, пицца
және фокачча сияқты өнімдер үшін өте қолайлы және жақсартылған жылу тарату
мүмкіндігіне байланысты оларды біркелкі пісіреді.
170 - 220
50 ÷ MAX
КӨП ДЕҢГЕЙЛІ : Біз сізге осы әдісті құс еті, қамырдан жасалған өнімдер, балық пен
көкөністер үшін пайдалануды ұсынамыз. Жылу тағамға әлдеқайда жақсы енеді, ал
пісіру және алдын ала қыздыру уақыты азаяды. Сіз бір уақытта әртүрлі тағамдарды
бірдей дайындықпен немесе дайындықсыз бір немесе бірнеше күйде пісіре аласыз.
Бұл пісіру әдісі жылудың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, осылайша тағам иістері
араласып кетпейді. Тағамдарды бір уақытта пісірген кезде шамамен тағы он минутқа
қалдырыңыз.
*
200
50 ÷ MAX
MASTER BAKE: Бұл функция майдың мөлшерін азайту арқылы денсаулыққа пайдалы
жолмен тамақ әзірлеуге мүмкіндік береді. Қыздырғыш элементтердің ауаның бүлкілдеу
циклімен үйлесуі керемет пісіру нәтижесін қамтамасыз етеді.
190 - 230
50 ÷ MAX
Пицца режимі: Бұл режимде ауа духовканың ішінде жақсы алмасады, сондықтан пицца
немесе итальяндық бәліш фокачча сияқты тағамдарды әзірлегенде керемет нәтижеге
қол жеткізесіз.
170 - 220
50 ÷ MAX
SOFT COOK : Бұл функцияны әртүрлі тағам түрлерін пісіру үшін пайдалануға болады. Ол
қамырдан жасалған өнімдерді, піспенандарды, торттарды, круассандар мен бәліштерді
пісіруге өте ыңғайлы және пісірілген өнімдер әлдеқайда жұмсақ шығады. Бұл
функцияны басқа функцияларға қарағанда төмен температурада пайдалануға болады.
Сонымен қатар ол сізге бір уақытта бірнеше сөре деңгейінде пісіруге мүмкіндік береді.
Әртүрлі тағамдарды бірге пісірген кезде шамамен тағы 10 минутқа қалдырыңыз.
* Энергияны тұтыну сыныбын анықтау үшін қолданылатын CENELEC EN 60350-1 талаптарына сəйкес тестіленген.
KZ 27