Текст страницы
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
Сіздің тұмшапешіңіз күнделікті тамақ жасағанда қауіпсіз жұмыс істеу үшін
мұқият жобаланған. Оны пайдаланғанда қауіпсіздік техникасы қағидалары
бойынша келесі кеңестерді сақтаңыз:
ЕСКЕРТУ
Электр тогынан зақымдану қаупі
Шамын ауыстырар алдында тұмшапешті сөндіріп,
салқындауына мүмкіндік беріңіз. Бұл ұсынысты сақтамау
электр тогы соғуына немесе өлімге əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Кесіп алу қаупі
Абайлаңыз, құрылғының өткір жиектері бар.
Қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтамау кесіп алуға
немесе басқа жарақаттарға əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Тұтану қаупі
Ас əзірлегенде тұмшапештің төменгі бөлігіне алюминий
фольга, ыдыс, поднос, су немесе мұз қоймаңыз
- бұл эмальдың біржола бүлінуіне əкеледі. Тұмшапештің
қабырғаларын фольгамен құрсау тұтануға əкелуі мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлмені қыздыру не жылыту үшін
пайдаланбаңыз.
Бұл күйіп қалуға немесе өртке əкелуі мүмкін. Құрылғының
ішінде немесе оның бетінде сақтау:
тұмшапеш ішінде не оның бетінде тез тұтанатын
материалдар сақтауға тыйым салынады.
Бұл ұсынысты сақтамау қызып кетуге, күйіп қалуға жəне
жарақатқа əкелуі мүмкін.
62