Текст страницы
►Балаларды тұмшапештің жанында қараусыз қалдырмаңыз. Құрылғы
жұмыс істеп тұрған бөлмеде балаларды жалғыз немесе қараусыз
қалдыруға болмайды. Балаларға құрылғының қандай да бір бөлігіне
отыруға немесе тұруға рұқсат бермеңіз.
►Егер үнемі бақылауда болмаса, 8 жасқа дейінгі балаларды құрылғыға
жолатпаңыз. Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқан балалар,
сонымен қатар физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі
немесе тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар қадағалаумен немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану туралы ескерту алған жəне онымен
байланысты қауіптер барын түсінген жағдайда пайдалана алады.
Балаларға ересектердің қарауынсыз құрылғыны тазалауға немесе күтім
жасауға тыйым салынады.
► Тұмшапештің есігіне ауыр заттар қоймаңыз.
►Ыңғайлы киім киіңіз. Құрылғыны пайдаланған кезде тым кең киім немесе
салбырап тұрған элементтері бар киім киюге болмайды. Олар ыстық
элементтерге немесе беттерге тигенде жануы немесе еруі мүмкін, бұл
күйік тудыруы мүмкін.
►Пайдаланушыларға қызмет көрсету: осы нұсқаулықтағы тиісті
нұсқауларды есепке алмағанда, құрылғыны жөндемеген жəне қандай
да бір бөлігін ауыстырмаған жөн. Кез келген басқа қызметті білікті
техникалық маман атқаруға тиіс.
►Тұтанған майды немесе тоң майды сумен сөндіруге тырыспаңыз.
Өртті сөндіру үшін құрғақ химиялық немесе көбікті өртсөндіргіш
пайдаланыңыз.
►Тек құрғақ қолғап немесе қапсырғыш пайдаланыңыз.
Ылғал қолғапты ыстық беттерге тигізу буға күйіп қалуға əкелуі мүмкін.
Тұтқыш ыстық аумақтарға немесе қыздыру элементтеріне тиіп
кетпейтініне көз жеткізіңіз. Тұтану қаупіне байланысты сүлгіні немесе
көлемді шүберекті тұтқыш ретінде пайдаланбаңыз.
►Тұмшапеште тамақ өнімдері бар жабық контейнерлерді жылытпаңыз.
Контейнердегі қысым контейнердің қас қағымда бұзылуына жəне
жарақатқа əкелуі мүмкін.
►Тамақ өнімдерін қолданғанда:азық-түлікті тұмшапешке дайындар
алдында ғана салыңыз жəне дайын болған соң бірден алыңыз. Бұл
тамақтан улануға əкелуі мүмкін бактериялардың көбеюіне жол
бермеу үшін қажет. Əсіресе, жылы ауа райында абай болыңыз.
64