Текст страницы
6.
Гриль
жоғарғы ішкі жəне сыртқы элементтер
►
►
►Жоғарғы екі элемент те қарқынды жылу шығарады. Температурасының
төменнен жоғарыға дейінгі диапазоны (100% қуат) 11 деңгейге бөлінген.
Алдын ала қыздыру қажет емес, дегенмен кей адам тағамды грильдің
астына қоймас бұрын элементті бірнеше минут қыздыруды жөн көреді.
Бұл картоп гратені мен фриттатаның үстіңгі жағын қызарту сияқты
көптеген тағамдарды "аяқтау" үшін ең қолайлы функция.
Нан қуыруға немесе тағамның жоғарғы жағын қызартуға өте ыңғайлы.
7. Қуырдақ
1- кезең: желдеткіш пен жоғарғы ішкі жəне сыртқы элементтер
2-кезең: жоғарғы сыртқы жəне төменгі элементтер
►
►
►
►Қуыру:
Еттің беткі бөлігінде қытырлақ алтын түстес қабықша пайда болу
үшін алдын ала карамельдейтін 20 минуттық кезең.
Белгіленген температурада пісіру:
қуырғаннан кейін температура сіз белгілеген деңгейге дейін
көтеріледі жəне пісіру аяқталғанға дейін өзгермейді, соның
арқасында қуырдақ жұмсақ əрі сөлді болады.
Алдын ала қыздыру қажет емес. Функцияны тікелей іске қосу
алдында азық-түлікті тұмшапешке орналастыру керек.
Қажет болса, табандық немесе гриль торын қолданыңыз немесе
көкөністерді ет сөлін сіңіру үшін қуырдақтың астына қойыңыз.
Бұл ет астындағы ыстық ауа айналымын қамтамасыз етеді.
Ет жəне көкөніс қуыруға мінсіз жарайды. Еттің үлкен кесегін пісіру
үшін ұсынылады.
Үздік нəтижеге қол жеткізу үшін қосымша етке арналған
термосүңгі пайдалануға болады.
МАҢЫЗДЫ!
Қуырдақ функциясы тұмшапеш екі кезеңде жұмыс істейтінін білдіреді: 1-
кезең: Бастапқы 20 минутта тұмшапеш желдеткіш пен жоғарғы ішкі жəне
сыртқы элементтерді (егер температура 250°C-қа жетсе, қыздыру
автоматты тоқтайды) пайдаланады.
2-кезең: Температураны белгіленген деңгейге дейін төмендеткеннен
кейін, пісіру жоғарғы ішкі жəне төменгі элементтерді қолдана отырып
жалғасады.
►Егер пісіру уақыты 20 минуттан аз болса, тек 1-кезең қатысады.
85