Текст страницы
ТҰМШАШКАФТА ТАМАҚ ДАЙЫНДАУ
Гриль пісіру бойынша кеңестер
Грильде пісіру
Мыналарды есте сақтау маңызды:
Инфрақызыл элементтің қарқынды жылу
шығаруы тұмшашкафты жəне оның
керек-жарақтарын қатты қыздырады.
Кестеде көрсетілген грильде пісіру
температурасы мен уақыты болжамды
болып табылады жəне еттің түріне,
мөлшеріне жəне сапасына байланысты.
Қолғапты жəне грильге арналға қолайлы
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Тұмшапештің есігі жабық болған кезде
грильде пісіру керек.
Ыстық маймен жанасуды жəне күйікті
болдырмау үшін, грильде пісіру кезінде,
ұзын гриль қысқышын пайдаланыңыз.
Грильді алдын-ала 3 минут қыздыру
керек.
Жұмыс істеп тұрған грильді қадағалаусыз
қалдырмаңыз.
Тағамдарды гриль торына салмас
бұрын, тағамдар торға жабысып қалмас
үшін оны маймен майлаңыз. Қаңылтыр
табаның үстіне торды орнатыңыз, оған
бөлінген май мен шырын ағады.
Артық қыздырған кезде, тамақ күйіп
кетуі мүмкін, мұның өзі тұтану қаупін
тудырады.
Балалардың жұмыс істеп тұрған грильдің
жанында тұруына жол бермеңіз.
Пісірудің ортасында етті аударыңыз.
Кішкентай ет бөліктерін тек бір рет
айналдыру керек, ал үлкен ет кесектерін
пісірген кезде оларды бірнеше рет
айналдыру қажет болуы мүмкін. Етті
аудару үшін тиісті қысқыштарды
пайдаланыңыз
Гриль майсыз шұжықтарды, ет, балық
сүбе еті мен стейктерді қуыруға, сондай-
ақ əртүрлі тағамдарды қыздырып қуыруға
немесе қытырлақ етіп жасауға өте
ыңғайлы.
Құрылғының қызмет ету мерзімін
ұзарту үшін тұмша шкафты жəне керек-
жарақтарды əр қолданғаннан кейін
мұқият тазалаңыз.
24