Текст страницы
KZ
Әйнекті тазалау
10-суретте көрсетілгендей, есіктің сол және оң жағындағы пластикалық
ілгешектерді басыңыз да, тақтайшаны өзіңізге қарай тартыңыз (11-сур.)
Профильді алған соң, әйнекті абайлап өзіңізге қарай тартыңыз (12-сур.)
Сыртқы әйнек пеш есігінің профиліне бекітілген. Әйнектерді алғаннан кейін,
Сіз оларды оңай тазалай аласыз. Тазалау мен күтім жасау іс-әрекеті
аяқталған соң, сол әрекетті кері ретпен орындап, әйнектерді орнына
қойыңыз. Профиль өз орнына тығыз орналасқанына көз жеткізіңіз.
10-сур.
11-сур.
12-сур.
Каталитикалық экрандар *
Каталитикалық экрандар бағыттауыштардың астындағы камерада сол және оң
жақта орналасқан.
Каталитикалық экрандар май қалдықтарын жұтып, тұмшапешті жұмыс істеп
тұрған кезінде тазалайды.
Каталитикалық экрандарды алу
Каталитикалық экрандарды алу үшін, бағыттауыштарды шығарып алыңыз.
Содан кейін олар оңай шығарылады. Оларды 2-3 жылдан соң ауыстырған жөн.
* * үлгіге байланысты
105