Текст страницы
KZ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Біздің тұрмыстық техниканы таңдағаныңыз үшін Сізге алғыс
білдіреміз.
Сатып алған өнім Сізге ұнайды және Сіз алдағы уақытта да біздің
компаниямыздың техникасын таңдайды деп үміттенеміз.
Бұл бұйым қазіргі заманғы жабдықтарда, қоршаған ортаға залал
келтірілмей жасап шығарылды.
Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары туралы ЕО
директивасы ережелерінің (WEEE) талаптарына сай келеді.
ЕСКЕРТПЕ
Пайдалану жөніндегі бұл нұсқаулық бірнеше үлгіге арналған,
тәртіптері мен қызметтерінің болуы жағынан өзгешеленуі мүмкін.
Суреттерінің бәрі сұлба түрінде. «*» белгісімен белгіленген
қызметтер мен құрамдастар қосымша опция болып табылады және
Сіздің бұйымыңызда болмауы да мүмкін.
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, мұнда қауіпсіз орнату,
пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша маңызды
нұсқаулар берілген.
Бұдан ары да қолдану үшін, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап
қоюға қам жасаңыз. Бұл құрылғыны жаңа иесіне берген жағдайда,
барлық құжатын қоса беруді ұмытпаңыз.
75